Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет135/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
Бірақ Аллаһтың жазмышы болмақ. 
Сонымен, Яғқубтың ұлдары жолға шығып Мысырға келді. 
«Олар Юсуфтың жанына кіргенде, ол бауырын өз қасына 
алды»
. Юсуф оларға қонақжайлық танытып, әрбір екеуіне бір 
бөлмеден берді. Ал інісі Биняминді өзімен қалдырды. Юсуф пен 
інісі жалғыз қалғанда ол Биняминді құшақтап, бауырына басып: 
«Мен – сенің ағаңмын. Олардың істегендеріне кейіме», – 
деді»

Туыстары Биняминге де әлімжеттік көрсетіп, түртпектейтін. 
«
(Юсуф) 
олардың заттарын қамдағанда ыдысты інісінің 
жүгінің ішіне салды да,
(олар жүрген кезде) 
бір жаршы: «Ей, 
керуеншілер! Сендер – анық ұрысыңдар», – деп айғайлады. 
Олар
бұларға бұрылып: «Не нәрсе жоғалттыңдар?» – деді. 
Бұлар: «Патшаның қадағын жоғалттық. Оны әкелген кісіге 
бір түйе жүк сыйлық бар әрі мен оған жауаптымын», – деді. 
Олар: «Аллаһпен ант етеміз. Расында, бұл жерге бұзақылық
(істеу) 
үшін келмегенімізді білдіңдер. Сондай-ақ біз ұры 
емеспіз», – деді. Бұлар: «Егер өтірік айтушы болсаңдар, оның 
жазасы не?» – деді. Олар: «Оның жазасы – 
(қадақ) 
кімнің 
жүгінен шықса, соның өзі жазаға тартылады. Біз залымдарға 
осылайша жаза береміз», – деді»

Мысыр елінің заңы бойынша ұрыға дүре соғылатын немесе 
өлтірілетін. Бірақ Юсуф осылай айла жасап, інісін Яғқубтың 
шариғаты бойынша құл еткенсіп алып қалуды қалады. 
«Інісінің жүгінен бұрын олардың жүгін тінтіп, сонан соң 
оны бауырының жүгінен шығарды. Осылайша, Юсуфқа әдіс 
үйреттік. Өйткені Аллаһ қаламайынша, патша заңы 
бойынша інісін алып қала алмас еді. Қалаған кісіміздің 
дәрежесін көтереміз. Сондай-ақ әр білім иесінің үстінде бір 
білуші бар. Олар: «Егер бұл ұрлық қылса, әрине, ағасы да 


152


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет