бұрын ұрлық қылған болатын», – деді 1 . Сонда Юсуф (ашуын)
ішінде сақтап, оларға әшкерелемеді. (Іштей)
: «Сендер бұдан жаман орындасыңдар. Аллаһ айтқандарыңды жақсы біледі», – деді» .
Сонда олар жалынып:
«Уа, уәзір! Мұның кәрі әкесі бар. Сондықтан оның орнына бірімізді ал. Шын мәнінде, біз сені игілік істеушілер ретінде көреміз», – деді. (Юсуф)
: «Затымызды жанынан тапқан адамнан басқаны алып қалудан Аллаһ сақтасын! Біз онда анық залымдардан боламыз», – деді. Олар Юсуфтан күдер үзген кезде оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: «Білмейсіңдер ме? Расында, әкелерің сендерге байланысты Аллаһтың атымен серт алған. Сондай-ақ бұрын да Юсуфқа қатысты зор айыптысыңдар. Сондықтан әкем рұқсат бергенше немесе мен үшін Аллаһ бір үкім шығарғанға дейін 2 осы жерден әсте тапжылмаймын. Ол – үкім етушілердің ең Жақсысы. Сендер әкелеріңе қайтыңдар да: «Уа, әкеміз! Шын мәнінде, ұлың ұрлық қылды. Біз білгенімізге ғана айғақпыз. Сондай-ақ біз ғайыпты білмейміз. Біз болған қала мен бізге кездескен керуеннен сұра. Сөз жоқ, шын айтамыз», – деңдер, – деді» .
Қалған тоғызы елдеріне қайтып, болған жағдайдан хабар
бергенде, әкелері Яғқуб:
«Олай емес. Сендерді нәпсілерің бір іске қызықтырған екен. Енді маған көркем сабыр керек. Бәлкім, Аллаһ олардың бәрін маған келтірер. Өйткені Ол – толық Білуші, хикмет Иесі», – деді. Сөйтіп, олардан теріс айналып: «Оһ, қайран Юсуф!» – деп күйіктен көздері ағарып, қасірет шегіп іштен тынды. Олар әкелеріне: «Аллаһпен ант етеміз! Күйіктен езіліп, опат болғанға дейін Юсуфты жоқтай бересің», – деді. 1
Юсуф бала кезінде нағашы атасы табынатын пұтты ұрлап, сындырған
болатын. Туыстары осыны меңзеп тұр.
2
Яғни өлгенге дейін.