Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет171/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

сиқырларының салдарынан оған 
(Мұсаға)
 жорғалаған жылан 
боп көрінді»
3

1
«Таһа» сүресі, 61-62 аяттар. 
2
«Шұғара» сүресі, 41-42 аяттар. 
3
«Таһа» сүресі, 63-66 аяттар. 


192
 
 
Яғни сиқыршылар қолдарындағы таяқтары мен арқан, 
жіптерін лақтырғанда, олар ирелеңдеп, жорғалай бастады. Тіпті 
сиқыр Мұсаға әсер етіп, көзі байланып оларды жылан кейпінде 
көрді. 
Басқа аятта: 
«Олар адамдардың көздерін сиқырлап, оларды 
қорқытты. Сондай-ақ үлкен бір сиқыр келтірді»
1
, – деп 
айтылған. 
Тамашалап тұрған адамдардың барлығын үрей билеп, олар 
қорқа бастады. Мұсаның өзі де секем алып қалды. 
«Мұса 
көңілінде бір қобалжу сезді»
. Сол кезде Аллаһ тағала Мұсаға: 
«Қорықпа! Сен үстем боласың. Оң қолыңдағыны таста! 
Олардың жасағандарын жалмасын. Шынында, олардың 
жасағандары сиқыршының айласы ғана. Сиқыршы қайда 
барса да, құтылмайды»
, – деп уахи етті. Мұса асатаяғын жерге 
тастағаны сол еді, ол үлкен жыланға айналып, әлгі 
сиқыршылардың ирелеңдегендерін жұта бастады. Мұның сиқыр 
емес, теңдесі жоқ нағыз мұғжиза екендігіне көздері жеткен 
«бүкіл сиқыршылар сәждеге жығылып: «Мұса мен 
Һарунның Раббысына иман келтірдік»
, – деді.
Тәңірлік кереметке дүйім жұрттың алдында бас ұрған 
сиқыршыларына перғауын қаһарланып:
«Мен сендерге рұқсат беруден бұрын иман келтірдіңдер 
ме? Әрине, ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді 
қол-аяқтарыңды айқаштап кесемін
2
 және сендерді құрманың 
бұтақтарына асамын. Сөйтіп, қайсымыздың азабы қатты да 
тұрақты екенін жақсы білесіңдер»
, – деді. Сиқыршылар 
перғауынға: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет