205
«Ей, Мұса! Сені қауымыңнан не асықтырды?» «Олар
артымда, Раббым, Саған Өзің разы болу үшін асықтым», –
деді
(Мұса)
»
1
, – делінген.
Ол
Тұр тауына жетіп, екінші рет қасиетті ағаш түбінде
Аллаһтың дидарын көрместен Онымен тілдеседі. Осы Тұр
тауының қасиетті Туа ойпатында Мұса Аллаһ
тағаладан
Тәуратты қабылдап ала бастады. Уәделі отыз күн ішінде Мұса
ораза ұстады. Арада біраз күн өткен соң аузынан жағымсыз иісті
сезіп, мұндай халде Аллаһпен
тілдесуге ұялып, аузын ашып
жібереді. Мұсаның бұл ісін Аллаһ
тағала айыптап, оған: «Неге
аузыңды аштың?» – дейді. Мұса: «Аузымның иісі бұзылды», –
деп жауап берді. Сонда Аллаһ тағала: «Сен білмейсің бе,
ораза
ұстаған ауыздың иісі Мен үшін мисктің иісінен де жағымды.
Тағы да он күн ораза тұт!» – деп бұйырады. Мұсаның отыз күніне
тағы да он күн қосылып, қырық күнге ұзарды. Аллаһ тағала:
«Мұсаға отыз түн уәделі мерзім белгіледік те, оған он
(түн)
қосып, сөйтіп, Раббының белгілі уақыты қырық кешке
толды.
Мұса
туысы
Һарунға:
«Елімнің
арасында
орынбасарым бол. Түзет те, бұзақылардың жолына ерме», –
Достарыңызбен бөлісу: