Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет186/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
бұл бұйымдарды Самири деген кісі қазып алып балқытып, одан 
бір бұзаудың мүсінін жасайды. Бір күні әлгі Самири атқа мінген 
Жәбірейілді (аләйһис-сәләм) көреді. Періштенің атының тұяғы 
басқан әрбір жерден көк өніп шығатын. Самири сол көк өнген 
жерден бір уыс топырақ алып, әлгі мүсін бұзаудың ішіне салып 
жібергенде, одан бейне бір мөңірегендей дыбыс шығатын болды. 
Самири қауымының адамдарына: «Мұса құдайын іздеп кетті. Ал 
оның құдайы болса бізге келіп қалды. Ол келіп осыған сиынады», 
– деп адамдарды адастырып, азғырады. Адамдар бұзауды тәңірге 
балап, көбісі соған сиына бастады. Олардың біразы ғана: 
«Мұсаны күтейік. Өзі де келіп қалатын шығар. Не де болса күте 
тұрайық», – деп мүсінге сиынбаса да, күдікте қалды. 
Ал, шын мәнінде, Самири көрген періште, ол Аллаһтың 
қауымды сынау үшін жіберген нәрсесі еді. Ақиқатта тапжылмай 
берік иманмен қалған Һарун мен аз ғана адам болды. Қайта 
оралған Мұса оларға:
«Ей, елім! Раббыларың сендерге игі уәде қылмап па еді? 
Сендерге 
уәде 
ұзақ 
келді 
ме? 
Немесе 
өздеріңе 
Раббыларыңның 
қаһары 
келуін 
қалап, 
уәдемнен 
айныдыңдар ма?» – деді. Олар: «Уәдеңнен өздігімізден 
таймадық. Бірақ бізге ол елдің сәндік бұйымдары артылған 
еді. Сонда оларды тастадық. Осылайша, Самири де тастады», 
– деді. Сонда Самири оларға мөңіреген бір бұзаудың мүсінін 
шығарып: «Сендердің де, Мұсаның да тәңірі – осы. 
(Мұса)
 
жаңылды», 
– 
деген. 
Олар 
оның 
өздеріне 
жауап 
қайтармағанын, сондай-ақ олар үшін не пайда, не зиян 
келтіру күшіне ие емес екендігін көрмей ме? Бұған дейін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет