Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


өзгертіп,  бөкселерімен сырғып кірді де, «хинта»



Pdf көрінісі
бет214/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 өзгертіп, 
бөкселерімен сырғып кірді де, «хинта» 
(арпа дәні)
 деп айтты»

– деген
1

Осы 
қылықтары 
үшін Аллаһ оларға: 
«Сондықтан 
залымдарға бұзақылықтарының салдарынан аспаннан пәле 
жаудырдық»
2
, – деп айтқан. 
Ғұламалар: бұл жазаны оба деп есептеген. Өйткені Усама ибн 
Зәйд 
(Аллаһ 
оған 
разы 
болсын) 
жеткізген 
хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Расында, бұл індет – өздеріңнен 
алдыңғы кейбір үмбеттер онымен азапқа тартылған жаза»
, – 
деп айтқан
3

Бұл обадан бір күннің ішінде олардың жиырма мыңға тарта 
адамы қырылып қалды. Сонда исраилдіктер жаппай Аллаһқа 
жалбарынып, кешірім тілей бастады. Аллаһ тағаланың оларға 
рақымы келіп, ел обадан айықты. 
Құдысты қолға алғаннан кейін исраилдіктер Палестинада өмір 
сүрді. Юшағ дүниеден өткенше олардың ішінде Аллаһтың кітабы 
Тәуратпен үкім жүргізді. Ол Мұсадан жиырма жеті жылдан кейін, 
жүз жиырма жеті жасында дүниеден озды. 
1
Хадисті әл-Бұхари мен ән-Нәсәи жеткізген. 
2
«Бақара» сүресі, 58-59 аяттар. 
3
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 


236
 
 
ИЛИЯС (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Юшағ дүниеден өткеннен соң, үкімет екіге бөлінді. Ел билігі 
мен саясат патшалардың, ал дін істері пайғамбарлардың қолында 
болды. Исраилдіктер патшалығына Яһуда ибн Яғқубтың ұрпағы, 
ал пайғамбарлыққа Ләуи ибн Яғқубтың ұрпағы иелік етті. 
Күндер өте келе Шам жерінде исраилдіктер арасында 
қайтадан күпірлікке жол беріліп, пұтқа табынушылық белең 
алды. Әсіресе Бағлбек қаласында «Бағл» деп аталатын бір пұтқа 
табына бастады. Осы кезде Аллаһ тағала исраилдіктерге Илияс 
пайғамбарды жіберді. Сондай-ақ ол Илиясин деп те аталады. 
Илиястың шежіре тізбегі Һарунға барып тіреледі. Илияс ибн 
Ясин ибн Фунхас ибн Ғуизар ибн Һарун. Илиясты Аллаһ тағала 
Құранда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет