«Әрине, Илияс елшілерімізден еді. Сол уақытта еліне:
«Аллаһтан қорықпайсыңдар ма? Жаратушыны қойып,
«Бағл» атты пұтқа жалбарынасыңдар ма? Аллаһ – сендердің
де бұрынғы аталарыңның да Раббы», – деді. Сонда елі оны
жалғанға шығарды. Рас, олар жазаға тартылады. Бірақ
Аллаһтың ықыласты құлдары басқа. Кейінгі нәсілдерге ол
үшін
(жақсы ат)
қалдырдық. «Илиясқа сәлем!» Рас, Біз ізгі
амал істегендерді осылай сыйға бөлейміз. Өйткені ол сенімді
құлдарымыздан еді»
1
, – деп айтқан.
Дінтанушылар мен тарихшылар Илияс жайлы ешқандай дерек
келтірмеген. Бір деректе: Илияс исраилдіктерді Аллаһтың
бірлігіне шақырғанмен, олар иманға бойсұнбаған. Сосын Илияс
қауымындағы залым патшадан қашып, үңгірде он жыл тығылған.
Залым патша өліп, оның орнын басқа біреу басқанда, Илияс еліне
оралып дағуат жасап, көп адамды иманға келтірді делінген.
Кейбір тәпсір және тарих кітаптарында: Илияс әлі тірі және
сол сияқты Қыдыр да тірі деген сөз бар. Негізінде, бұл – өрескел
1
«Саффат» сүресі, 123-132 аяттар.
237
қате түсінік. Тіпті кейбіреулер «төрт пайғамбар әлі күнге дейін
тірі. Екеуі жерде, екеуі көкте: көктегі – Идрис пен Иса, жердегі –
Қыдыр мен Илияс» деген. Мұның бәрі – негізсіз, жалған нәрсеге
құрылған қате пікір. Бұған дәлел Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ
әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз
(с.а.с.) бірде құптан намазын оқып болған соң сахабаларға
бұрылып:
«Мына түндеріңді көріп тұрсыңдар ма?»
– деп сұраған.
Олар:
«Иә»
, – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Жүз
жылдан кейін жер бетінде қазір тірі болған ешкім қалмайды»
,
– деген
1
.
Яғни сол түнде жер бетінде болған адамдардың барлығы
арадан тағы бір ғасыр өткенше өліп біткен. Бұл – біздің
қолымыздағы анық дәлел. Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде
ешкімді мұнан тысқары атамаған. Аталған төрт пайғамбардың
ішінде Аллаһ тағала тек Исаны ғана көкке көтеріп әкеткен. Ал
қалғандары болса өз өлімдерімен дүние салған.
1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген.
238
Достарыңызбен бөлісу: |