252
«Оған түрлі құрылыс салушы және сүңгігіш шайтандарды
бағындырдық. Ал басқа біреулері шынжырларда қосақтаулы
еді. Бұл – біздің бергеніміз. Ендеше, қалағаныңа бер яки
бермей ұстап тұр,
(оныңа)
есеп жоқ»
1
, – дейді.
Жындар да өзара қауымдарға, тайпаларға бөлінеді және
олардың әрқайсысының кәсібі, қызметтері болады. Мәселен,
олардың құрылысшылары, сүңгуірлері, тас қашаушылары,
зергерлері т.с.с. бар. Сүлеймен олардың өзіне бағынбағандарын
екі-екіден қосақтап байлап тастайтын. Аллаһ тағала ол туралы:
«Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін
жындарды бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса,
оған жалын атқан от азабын таттырамыз. Олар Сүлейменнің
қалауынша құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және
орнатылған қазандар жасайтын. Ей, Дәуіттің үй-іші!
Шүкіршілік етіңдер! Құлдарымнан шүкір етуші аз»
2
;
«Оған суға сүңгитін және басқа істерді істейтін
шайтандарды
бағындырдық.
Достарыңызбен бөлісу: