Шамуил оларды ақиқат жолына шақырды. Азып-тозып, әбден
қиналған исраилдіктер оған мойынсұна бастады. Сөйтіп, олар
Шамуилдің үндеуімен біріккен соң, енді оған: «Бізге бір патша
таңдап бер!» деп өтініш жасайды. Осы оқиғаны Аллаһ тағала
Құранда:
«Мұсадан кейінгі Исраил ұрпақтарының көсемдерін көрмейсің бе? Сол уақытта олар пайғамбарларына: «Бізге патша сайлап бер, Аллаһ жолында соғысамыз», – десті. (Шамуил)
: «Зәреде сендерге соғыс парыз қылынған жағдайда соғыспай қойсаңдар ше?» – деді. Олар: «Бізге Аллаһ жолында соғыспай не бопты? Расында, жұрттарымыз бен бала- шағаларымыздан бездірілдік», – десті. Бірақ соғыс парыз болған сәтте олардың өте азғанасынан басқасы бас тартты. Аллаһ залымдарды біледі» , – деп сипаттаған.
Олар бабылдықтардың өздеріне қарсы аяусыз жорығы кезінде
Құдыстан шығарылып, қырғынға ұшыраған-ды. Осындай қор
өмірді өлім қатерінен артық көрген исраилдіктер жиһад парыз
болған кезде көбісі серт бергеніне қарамастан, соғысудан бас
тартты. Нәтижеде Шамуилмен бірге аздаған адам ғана қалды.
Шамуилдің жанында қалған исраилдіктер одан: «Бізді
басқаратын патша кім болады?» – деп сұрады. Шамуил оларға
патша етіп Бинямин ибн Яғқубтың ұрпағынан Талут ибн Қайшты
тағайындады. Одан бұрын патшалардың барлығы Яһуда ибн
Яғқубтың ұрпағынан сайланатын. Исраилдіктер патшалыққа
үрдіс бойынша Яһуданың ұрпағы таңдалады деп ойлаған-ды,
Шамуилдің бұл таңдауына таңырқап қалды.
«Оларға пайғамбарлары: «Шын мәнінде, Аллаһ сендерге Талутты патша сайлады», – деді» .
Талут тері илеушілікті кәсіп ететін қарапайым, бірақ өте
білгір, дана, алып тұлғалы, еңселі, ақ жүзді, көрікті кісі еді. Сонда
Яһуда ұрпақтары қарсы шығып:
«Оның бізге патшалығы қалай болмақ? Одан гөрі патшалыққа біздер лайықпыз. Сондай-ақ