277
Исаның пайғамбарлық міндеті
Иса ержеткенде көркем мінез-құлықты,
өте ізгі жігіт болып
қалыптасты. Ол отыз жасқа келгенде пайғамбарлық беріліп, оған
Інжіл түсті. Осылайша, ол Тәуратты
растаушы кітаппен келіп,
адамдарды Аллаһ жолына шақыра бастады. Аллаһ тағала:
«Пайғамбарлардың ізінше алдындағы Тәуратты растаушы
етіп, Мәриямұлы Исаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде
туралық, нұр болған, алдындағы Тәуратты бекітуші, сондай-
ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді
бердік»
1
, – деген.
Иса тарихтағы өзге пайғамбарлар сияқты белгілі бір қауымға,
яғни исраилдіктерге жіберілді. Аллаһ тағала:
«Сондай-ақ Исраил ұрпақтарына елші етеді»
, – деп айтқан.
Исаның ұлы мұғжизаларының бірі – жансыз мүсінге жан
бітіру еді. Бұл мұғжиза Құран Кәрімде Исаның тілінде:
«Шын мәнінде, сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен
келдім. Сендерге құстың мүсіні іспеттес жасап, оны үрлеймін.
Сонда Аллаһтың бұйрығынша құс болады»
, – деп айтылған.
Сондай-ақ оның тағы бір ұлы мұғжизасы – тума соқырлар мен
алапестерді жазу болатын.
«Аллаһтың рұқсатымен, анадан тума соқырды, алапесті
жазамын»
.
Ол тума соқыр яки алапес адамды келіп сипаса, олар айығып,
жазылып кететін.
Бұған қоса, ол адамдарға үйлерінде не
жейтінін, нені сақтап қойғандарын бұлжытпай айтып беретін.
«Үйлеріңде не жеп, нені қойғандарыңнан хабар беремін.
Достарыңызбен бөлісу: