үшеудің үшіншісі» дегендер кәпір болды. Бір Құдайдан басқа құдай жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан қарсы келгендерге күйзелтуші азап кезігеді. Сонда да Аллаһқа тәубе етіп, кешірім тілемей ме? Аллаһ – аса Кешірімшіл, өте Мейірімді. Мәриямұлы Мәсих – тек пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл еді. Екеуі де тамақ жейтін. (Мұхаммед!)
Қара! Оларға аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. Сонан соң қалай бұрылып бара жатқандарын көр! (Мұхаммед!)
Оларға: «Аллаһтан өзге сендерге не пайда, не зиян келтіре алмайтынға құлшылық қыласыңдар ма? Негізінде, Аллаһ – бәрін Естуші, Білуші», – деп айт» 3 ;
Сондай-ақ:
1
Хадисті әл-Бұхари риуаят еткен.
2
«Мәида» сүресі, 17-аят.
3
«Мәида» сүресі, 72-76 аяттар.
288
«Ей, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер және Аллаһ туралы шындықтан басқаны айтпаңдар. Шын мәнінде Мәриям ұлы Иса Мәсих Аллаһтың елшісі, Оның Мәриямға түсірген сөзі және Оның тарабынан болған бір рух. Сондықтан, Аллаһқа және Оның елшілеріне иман келтіріңдер әрі «үшеу» деп айтпаңдар. Өздеріңе жақсылық болуы үшін (одан)
тыйылыңдар. Шын мәнінде Аллаһ жалғыз құдай. Ол баласы болудан пәк. Аспандар мен жердегілердің бәрі Оның иелігінде. Аллаһ қамқоршы болуда жеткілікті. Мәсих (Иса)
Аллаһқа құл болудан арланбайды. Сондай-ақ (Аллаһқа)
жақындатылған періштелер де. Ал кім Оның ғибадатынан бас тартып, тәкаппарлық қылса, таяуда Ол оларды түгелімен Өз құзырына жинайды»