80
қалаған дұшпандардың көзін жойған күні Салих өзімен бірге
ізбасарларын алып, Хижрды тастап шығып кеткен болатын.
Ертеңіне адамдар таң атқан уақытта
таңғажайып бір көріністің
куәсі болды. Самуд қауымының түгелдей жүздері сарғайып
кеткен еді. Сонда олар жылай бастады.
Өйткені бұл ескертудің
алғашқы белгісі еді. Келесі күні олардың жүздері қызарып кетті.
Үшінші күні олардың жүздері қап-қара түске енді. Сонда олар
ойбай салып,
айқайлап жылап, өздеріне көр қаза бастады. Олар
сонда ғана барып пәлекеттің растығын және одан қашудың жолы
жоқ екендігін түсінді.
Сол уақытта оларға Аллаһтың азабы келді. Ол ад қауымына
келген дауыл яки Нұхтың еліне келген топан су секілді емес-ті.
Бұл жаза алуан түрлі болды.
Өйткені оларға өздерінің
шарттарына сай мұғжиза-белгі берілді, ал олар соған қарамастан
қарсы шықты.
Әуелі қатты жер сілкініп,
олар құлап, орындарынан тұра
алмай қалды. Сосын аспан күркіреп, үстеріне найзағай түсті. Бұл
азаптың соңы олардың түбіне жеткен ащы айқаймен аяқталды.
Бұл ащы дауыс оларды түгелдей жойып жіберді. Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: