Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет70/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   266
деді»
2
, – деген. 
Енді олар Салихты іс жүзінде өлтіруге әзірленді. Бұл іс те әлгі 
тоғыз кісіге тапсырылды. Сөйтіп, олар Салихтың үйін бұзып, оны 
және оған ілескендерді өлтіруге аттанды. Бұл оқиға Құранда:
«Олар айла-шарғы жасады, сонда Біз олардың айла-
шарғысын сезбеген халдерінде өздеріне қайтардық. Олардың 
айла-шарғысының соңы қалай болғанын қара: Біз оларды 
және елдерінің барлығын жойдық»
3
, – деп берілген. 
Алғашқы пәлекет сол тоғыз адамның басына түсті. Жер 
сілкініп, жартастар домалап, оларды жаншып өлтірді. Сосын 
барып Аллаһтың азабы басталды. Аллаһ тағала Салихты өлтіруді 
1
«Һуд» сүресі, 65-аят. 
2
«Нәмл» сүресі, 48-49 аяттар. 
3
«Нәмл» сүресі, 50-51 аяттар. 


80
 
 
қалаған дұшпандардың көзін жойған күні Салих өзімен бірге 
ізбасарларын алып, Хижрды тастап шығып кеткен болатын. 
Ертеңіне адамдар таң атқан уақытта таңғажайып бір көріністің 
куәсі болды. Самуд қауымының түгелдей жүздері сарғайып 
кеткен еді. Сонда олар жылай бастады. Өйткені бұл ескертудің 
алғашқы белгісі еді. Келесі күні олардың жүздері қызарып кетті. 
Үшінші күні олардың жүздері қап-қара түске енді. Сонда олар 
ойбай салып, айқайлап жылап, өздеріне көр қаза бастады. Олар 
сонда ғана барып пәлекеттің растығын және одан қашудың жолы 
жоқ екендігін түсінді. 
Сол уақытта оларға Аллаһтың азабы келді. Ол ад қауымына 
келген дауыл яки Нұхтың еліне келген топан су секілді емес-ті. 
Бұл жаза алуан түрлі болды. Өйткені оларға өздерінің 
шарттарына сай мұғжиза-белгі берілді, ал олар соған қарамастан 
қарсы шықты. 
Әуелі қатты жер сілкініп, олар құлап, орындарынан тұра 
алмай қалды. Сосын аспан күркіреп, үстеріне найзағай түсті. Бұл 
азаптың соңы олардың түбіне жеткен ащы айқаймен аяқталды. 
Бұл ащы дауыс оларды түгелдей жойып жіберді. Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет