Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет6/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Тең-теңімен

Қазақстанда инклюзивті қоғам құру»
» 
Жоба кезеңі:2014 жылғы ақпан – қазіргі уақытқа дейін. 
Жоба географиясы: Қазақстан Республикасы (Астана, Ақтөбе, Қарағанды, 
Көкшетау, Тараз, Өскемен, Петропавл, Шымкент және Орал қалалары). 
«Samruk-
Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры – Қазақстан 
Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен 
жобаларды іске асыратын «Самұрық - Қазына» АҚ компаниялар тобы 
қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы. «Samruk-Kazyna Trust» қор-
серіктестіктерімен бірлесіп 6 жылдан астам уақыт бойы балалар мәселесін, атап 
айтқанда балаларды емдеу, оңалту бойынша сапалы қызмет көрсетуді 
қамтамасыз ету және Қазақстанда әлеуметтік жетімдіктің алдын алу
қазақстандық қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастырумен айналысып 
келеді.
Жоба ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім беру мен дамуына қол 
жетімділік мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, ол елімізде 
инклюзивті білім беруді неғұрлым тиімді енгізуге және қоғамда мүмкіндігі 
шектеулі адамдарға деген позитивті қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал 
етеді.
Қазақстанның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны 
ратификациялағанын назарға ала отырып, осыған сәйеес біздің Республикамыз 
инклюзивті білім беруді дамыту үшін жағдайлар жасауға міндетті, сондай-ақ 
ЕБҚ бар балалар санының өсуіне байланысты баланың және оның отбасының 
тұрғылықты жерінен «қадам басар» жерде орналасқан психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинеттерінің желісін кеңейту бойынша стратегиялық 
маңызды міндеттер болып табылады.
Бағдарлама бастамасышы
жергілікті серіктестік – 
«ДАРА» қоры
болып 
табылады. Серіктестік қызығушылығы еліміздің өңірлерінде өзінің пилоттық 
жобасының географиясын кеңейту және жобада оқыту компонентін өткізу үшін 
ірі серіктестіктің болуы болып табылады.
Бағдарлама ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған. Ағымдағы 
уақытта бағдарлама қызметімен шамамен 1500 бала қамтылған. Сонымен қатар, 
тікелей пайда көруші ЕБҚ бар балалардың отбасы, сондай-ақ кәсіби тренингтер 
мен оөытуларды алатын Түзеу кабинеттерінің (250-ден астам адам) мамандары 
болып табылады. 
Жанама пайда көруші өздерінің баланстарына жақсы жабдықталған және 
жарақталған Түзеу орталықтары, кабинеттерін алатын жергілікті атқарушы 
билік (Өңірлердің білім басқармалары) болып табылады.
Бағдарлама мақсаты
өңірлерде балалар арасында арнайы түзеу 
қызметтеріне қол жетімділікті жақсарту және инклюзивті білім берудің 
мүмкіндіктерін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, ерекше білім беруді 
қажет ететін адамдардың құқықтарын іске асыруды жақсарту мен қоғамда осы 


12 
мәселе бойынша хабардар еті мен толеранттылықты арттыру да маңызды 
компонент болып табылатынын сөзсіз. 
Жоба үш негізгі бағыт бойынша іске асырылады: 
1)
Облыстық маңызы бар қалаларда оларды ашу арқылы республика 
бойынша Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің желісін кеіейту; 
2)
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту үшін ашылған ППТК 
базаларында инклюзивті білім берудің 2 пилоттық ресурстық орталықтарын 
ашу;
3)
Ерекше білім алуды қажет ететін балалармен жүргізілетін жұмыстығ 
әдістемелік негізін жаөсарту.
Жобада бірнеше негізгі кезеңдер жүзеге асырылады: 

Өңірлік қалаларда жаңа Түзеу орталықтарын ашу.
Қазіргі таңда 17 
орталық ашылды, тағы да үш орталықты ашу жоспарлануда. Әрбір Түзеу 
орталығы толығымен жабдықтармен жарақталады, кедергісіз орта (пандустар, 
қолмен ұстап тұруға арналған қондырғылар, сигналдық кқрсеткіштер және т.б.) 
құрылды. Штат оқыту мен дайындықтан өткен мамандардан құрылады. 
Толығымен жабдықталған Орталықтар ашылғаннан кейін жергілікті атқарушы 
органдардың (әкімдіктердің) балансына беріледі. Сонымен қатар
Орталықтардың басым бөлігі ЕБҚ бар балаларды тасымалдауға арналған 
автомобильдермен жабдықталды. Орталықтардың ашылуы нәтижесінде 
көптеген қалаларда бірінші рет балалар тұрғылықты орындары бойынша тегін 
немесе екі есе арзан түзеу қызметтерін алу мүмкіндіктеріне ие болды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет