14
бөліктерінде осындай орталықтар ашқанда ұстанатын ұстанымы болып
табылады.
Жобаның шеңберінде ашылған КККП барлық мүдделі
тараптар,
соның
ішінде жергілікті билік органдары түзету қызметтерін көрсетудің модельдік
орталығы ретінде қарайды және қазіргі кезде келесі коррекциялық
кабинеттерді ашу үшін кәсіби және әдіснамалық база ретінде қызмет
атқарады.Осындай тірек алаңдарының болуы аймақтағы жалпы білім беру
ұйымдарына инклюзивті білім беру қағидаттарын неғұрлым белсенді енгізуге
мүмкіндік береді.
Білім және Ғылым министрлігі шеңберінде, үш жыл ішінде кейбір
қалалардың жергілікті деңгейлерінде балалар мен отбасыларын түзету
қызметтерімен қамтамасыз ету мәселелері бірнеше рет көтерілді. Мәселен,
Алматыда 2016 жылы 4 коррекциялық кабинет ашуға шешім қабылдады, ал
Астанада тағы үшеу.Министрлік өңірлер үшін
алғаш рет әрбір облыс
орталығында тұрғылықты жеріне сәйкес орталықтарды ашу міндеттерін қойды
және олар үшін заңнамаға және стратегиялық жоспарларға қажетті өзгерістер
енгізді.
Мамандарды оқыту бағдарламаның басым бағыттарының бірі болып
табылады. Оқытылған мамандар өз аймақтарындағы білімдердің локомотиві
болды, олар жастармен, жаңашыл әріптестерімен, сондай-ақ түзету
мекемелерінің қызметкерлерімен белсенді түрде білім алмасты.
Перспективалар
Келесі кезең -инклюзивті білім беруді қолдау, Қазақстандағы инклюзивті
білім беру үдерісін дамытуға практикалық тұрғыда үлес қосты. Жобаның
перспективалары автономды болып табылады, орталықтағы коррекциялық
кабинеттер жүйесі дербес өмір сүреді, ашылғаннан
бастап жергілікті
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Компанияны қосымша қаржыландыру жоқ. Инклюзивті қолдау жүйесін
сынақтан өткізгеннен кейін, модельдің әдіснамалық сипаттамасы және оны
уәкілетті органдарға (Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті білім
бөлімдері) беру, сондай-ақ ол мемлекеттік қаржыландыруда қалады және
одан әрі қаржы инвестицияларын қажет етпейді, бірақ ол сондай-ақ үлкен
мультипликативтік әсерге ие.
Мәселелер мен қиындықтар:
Жергілікті билік органдары ЕБҚ -ның балаларына арналған түзету
мекемелерінің ашылуына, сондай-ақ олардың құқықтары мен әлеуетін іске
асыруға мүдделі емес, сондықтан да бұл аймақтарда
проблема туындайды.
2016
жылы Қор Білім және ғылым министрлігіне және Қазақстан өңірлеріне
арналған орталықтарды ашу процесін қолдайтын хат жіберді.
Көптеген
аймақтарда орталықтарды ашу мәселесін шешті.
Тағы бір проблема шақырылған ресейлік сарапшылардың өткізетін
тренинг бағасының қымбаттылығы. Қор оқытудан өткен жергілікті
мамандардың тәжірибелерін пайдалана отырып,
оқыту үлгісін ұсынды және
қазіргі уақытта жергілікті тренерлер топтарын дайындайды.
2017 жылға дейін
15
жергілікті мамандардың күшімен оқытудың іс-шаралары ұйымдастырылады
және ол шетелдің әдістері мен инновацияларын қолдану арқылы іске
асырылады.
«Samruk-Kazyna Trust»
әлеуметтік даму қоры мен БҰҰ балалар қоры
(ЮНИСЕФ) арасындағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы
ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде «Аутизмнің жеңісі»,
«Қазақстандағы инклюзивті қоғам құру», «Салауатты балалар,
оңалту
орталықтарының даму жобасы» және «Отбасын қолдау орталығы», келесі
мақсаттарды көздейді:
–
Бизнесті жүргізу кезіңде баланың құқық қағидаттары бойынша
корпоративтік сектордың білімдерін жетілдіру;
–
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы балалар мен
жастардың мүдделеріне сәйкес «Самұрық-Қазына» қорының бизнес
құрылымдары мен серіктестері арасында әлеуметтік жауапкершілікті дамыту;
–
балалармен жұмыс істейтін үкіметтік емес сектордың әлеуетін арттыру;
–
«Самұрық-Қазына» қорының және оның серіктестерінің балалардың
құқықтарын іске асырудағы халықаралық стандарттар туралы және табысты
тәжірибе мысалдары туралы ақпараттандыру.
ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық болашақта елімізде балалардың әл-
ауқатын жқсарту үшін жүйелі, тиімді жұмысты құруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қазіргі әлемде инклюзия процесі,
тек қоғамдық өмірдегі
қандайда -бір өзгерістерді техникалық немесе ақпараттық тұрғыда енгізу ғана
емес, сонымен бірге өмірге деген көзқарастардың өзгеруі оның
құндылықтарына байланысты.
Инклюзивті білім берудің басты критериі – тиімді әлеуметтендіру,
мәдениетке кіріктіру, барлық балалардың, оның ішінде
арнайы білім беру
қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік тәжірибесін дамыту.
Әлеуметтік мәселелер ең негізгі болып табылады. Сондықтан,
логистикалық және басқа да проблемаларды шешумен қатар,
қазіргі заманғы
қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мәселесіне жеке назар
аударуымыз керек.
Инклюзивтік мәдениетті дамытудың өзектілігі инклюзивтік білім беру
тәжірибесін енгізуге бағытталған және білім берудегі қазіргі заманғы үрдістерді
түсіну арқылы айқындалады, ол мектептің мәдени-білім беру кеңістігін қайта
құруды талап етеді, әр баланың жеке қабілеттеріне, психофизикалық даму
ерекшеліктеріне қарамастан, толыққанды білім беру құқығын қамтамасыз етеді.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуы мен әлеуметтік бейімделу
процесі қоғамның назарында болады, бұл
білім беру процесін дұрыс
ұйымдастыру арқылы мүмкін болады және ол
жалпы білім берудің
мемлекеттік стандарттарының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы керек
Қазақстандық білім беру жүйесінде инклюзивті
тәсілді іске асырудағы
басымдықтардың бірі оқу процесіне қатысушылардың барлығында инклюзивтік
мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
16
Бұл тарихи қалыптасқан процесс бойынша «мүгедек» сөзіне жақын
қоғамдық сананың ұзаққа созылған жүйесінде «қызметке жарамсыз» деген
ұғым қолданылды.
Олармен өзара қарым-қатынас жасау барысында
айналасындағылардың арасында ерекше қиындықтар пайда болды, соның
салдарынан оларға қатысты немқұрайлы және нигативті көзқарас
қалыптасты.
Сондықтан
ерекше қажеттілігі бар адамдарға қатысты әлеуметтік
көзқарасты өзгерту, инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мәселесі өте
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: