89
Осы орайда ескерте кетейік: бүгінде барша әлемге таныла бастаған
қазақтар мен Қазақстанды шетел уәкілдерінің ілуде біреуі ғана дұрыс
таныса, не
танығысы келсе, қалың көпшілігі,
«Жер астынан жік
шықты, екі құлағы тік шықты»
дегендей,
«Қазақстан»
деген тек
географиялық қана ұғым еді,
«қазақ»
деген халық пен
«қазақ тілі»
деген ұғымдар өркениет әлемінде белгісіз еді.
Бұлар аяқ астынан
қалай пайда бола қалды? Жоқ тілін барлыққа келтіріп, Ресейдің
бір өлкесін қазаққа айналдырып, ондағыларды өз тілінде сөйлетуге
күштеуі түсініксіз… т.б. осы сияқты
қаңқу әңгімелерін көпіртіп
жазып, жариялап жатқандығы сауатты қауымға мәлім.
Бұл бағдарлама, міне, сондайларға да берілер жауаптың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: