88
Міне, осыншама мол рухани дүниеміз ана тіліміздің жоғарыда
көрсетілген коммулятивтік қызметі арқасында түгелдей
қағазға
хатталмаса да, халқымыздың жадында сақталып, бүгінгі ұрпаққа жетіп
отыр.
Осыншама мол дүниенің болашақ ұрпаққа қалай және қай қалпында
сақталып, қандай жолдармен жетіп отырғаны бүгінге дейін көп сөз бола
бермейтін. Өйткені кешегі партакратиялық идеологияның ұстанған
принципі
бойынша өткендегінің бәрі, әсіресе оның өзекті саласы
саналатын рухани дүниесі бүгінгі күннің талабына сай келе бермейтін
қажетсіз мұра ретінде көбісі беті ашылмай, ашылса да, оқырман қолына
жетпей, архивтердің сөрелерінде жылдар
бойы шаң басып жатқаны
баршаға белгілі.
Міне, сол мәдени мұраға деген әділетсіздік енді ғана, тәуелсіздікке
қолымыз жеткен елімізде ғана, оң шешімін тауып отыр. Ұлттық тіл де,
сол тіл арқылы өсіп-өнген ұлттық мәдени мұра мен басқа да өркениет
нышандары тек тәуелсіз елде ғана дамитындығына жұрттың көзі жете
бастады.
Осы орайда, Елбасы
Достарыңызбен бөлісу: