2-китап indd



Pdf көрінісі
бет34/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«ұлт анасы»
болуын оны сүйіп өскен 
ұл-қыздарымен қатар, әр алуан себептермен осы ұядан тәркіленіп, алыстап 
кеткендерді, не өз қағынан жеріген киіктей, «ана тілі» деген құдіретті 
күшті мойындамай жүрген нигилистерді, не қоғам дамуының әсерінен 
бұл ұлттық құндылықты бағалай алмай жүрген «жаңа қазақтардың т.т. өз 
құзырына алуы деп түсінген жөн.
Елбасының ана тіліміз табиғи болмысы мен болашағы туралы бұдан 
басқа да айтқан пікір-тұжырымдары баршылық. Біле білсе, олар елімізде 
жүргізіліп отырған мемлекеттік тіл саясатының негізгі де өзекті мәселелерін 
баяндайтын, ана тіліміздің бүгіні мен алдағы болашағын болжалдайтын 
бағдарламаның қысқа жобасы іспетті: 
«Қазақстанның болашағы - қазақ 
тілінде!». 
Ана тіліміздің табиғи болмысы қадір-қасиеті, алайда бұл келтірілген 
қанатты сөздер сипаттамасымен ғана шектелмесе керек. Ана тіліміздің 
атқаратын барша қоғамдық-әлеуметтік қызметтерінің ішінде шоқтығы биік 
тұрған, аса елеулі тағы бір қызметі – оның ұлттық мәдениетіміздің негізі, 
ұйытқысы болу қызметі. Осыған орай, әңгімеміздің негізгі мақсаты 
«Ел 
мәдениеті тілден басталады» 
деген қанатты сөздің тіл құдіретіне қатысты 
мән-жайын айқындай түсуге байланысты.
Әрбір халықтың өз ана тілі бар. Ол – жеке адамның ойлап тапқан 
туындысы емес, барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сондықтан да болар, 
ана тілінің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау-жұрнағы 
сол ұлттың әрбір шынайы азаматына танымал, мәдени-әлеуметтік өмірде 
өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Ана тілін әркім-ақ қолданады, бірақ ол жеке адамның қарақан басы 
үшін жасалған дүние емес. Әдетте, бұл сауалға лингвистика ғылымының: 
«
ана тілі
– этникалық қауымдастық мүшелерінің өзара түсінісіп, байланыс 
жасауға қажетті 
қатынас құралы
» - деген жауабы дайын тұратыны белгілі.
Бұл да – шындық. Бірақ ана тілінің атқаратын қызметі тек сол ғана 
ма? Тілдің коммуникативтік қызметтерінен басқа ерекше атауға тұрарлық 
эстетикалық және коммулятивтік қызметтері тағы бар емес пе? Тілдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет