2-китап indd



Pdf көрінісі
бет39/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«Мемлекетік мәдени мұра»
бағдарламасынан, әсіресе оның рухани 
байлығымызға, тіл құдіретіне қатысты үлкен саласынан біздің де, қалың 
жұрттың да күтетін жақсылығы осы бес сауал төңірегінен өрбитіні 
даусыз.
Ескерте кетейік, 
«Мәдени мұра»
деген өте кең ұғым. Оның құзырына 
жататын құндылықтарды бір мақалада талдап-тарату тұрмақ, санамалап 
шығудың өзі оңай іс емес. Сондықтан да біз, жалпы мәдени мұраның 
ауқымында ана тіліміздің қасиеттері мен қуатына тікелей қатысы бар осы бес 
мәселе төңірегіндегі бірер пікірімізді ортаға салмақпыз.
1. Ұлттық рухани мәдениетіміздің айдын шалқар элементі – тіл дедік. 
Сондықтан да, әр ұлттың өз тілі ғана 
«қазақ мәдениеті», «өзбек мәдениеті», 
«орыс мәдениеті», «қытай мәдениеті»
т.т. деп жіліктеп, даралап айтуға 
мүмкіндік береді. Мәдени мұра, әсіресе рухани мұра, белгілі этникалық 
қауымда ғана барлыққа келіп, қалыптасады. Мұндайда оған бір ғана этнос 
тілі ұйытқы бола алады. Демек, «қазақ халқының ұлттық мәдениеті» дегенді 
тек қазақ тілінің негізінде, қазақы болмысы мен дүниетаным, салт-дәстүр 
аумағында ғана қалыптасқан мәдениет деп қабылдаған жөн. Басқаша 
айтқанда, 
«Мәдени мұра»
бағдарламасы бойынша қамтылған ұлан-ғайыр 
мол дүниенің баршасы басқанікі емес, тек осы Қазақстан топырағында 
барлыққа келіп, ел болып, еңсесін көтеріп отырған қазақ халқының ғана 
құндылықтары болып саналады.
Ол құндылықтарды зиялы қауым мен мамандардың бас-аяғын түгел 
көріп, сараптап, бағасын берер кезең әлі алда. Дегенмен, ол бағаның қандай 
болуына қарамай-ақ бұл дүниенің қазаққа тән екендігін мойындаған жөн. 
Сонда 
«Мәдени мұра»
бағдарламасының анықтауды мақсат етіп отырған 
бірінші сауалдың жауабына орай өз басым: «Орта Азияның кең байтақ даласын 
жайлаған қазақтар өзінше дамып, өркендеген көшпенділер мәдениетінің 
Қара шаңырағы (Мағжан) іспетті бірегей мәдениеттің иесі болғандығын 
аңғартады» - деп ойлаймын. Бұл – «қазақ халқының қандай халық?» екенін 
толық анықтап, дұрыс бағасын бере алмай келе жатқан зерттеуші қауымның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет