2-китап indd



Pdf көрінісі
бет40/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«тарихи сауалына»
берілер нақтылы жауабы болмақшы.
2. 
«Мәдени мұра»
бағдарламасының алдына қойған екінші бір мақсатын 
өз басым қазақ халқының ұзақ тарихы бар, өзекті де өзіндік ерекшелігі мол 


91
мәдениетінің өткені мен дами келе бүгінгі жеткенін түгел қамтып, 
жариялап, жас ұрпаққа құнды мұра, мәңгі-бақи солармен бірге жасап 
біте қайнайтын рухани азық ретінде сиға тарту деп түсіндім. Ол ғана 
емес, біле білсек, бұл бағдарламадан түркі әлемінде елден ерекше 
бай мәдени мұраға ие халықтардың бірегейі – қазақтар екенін айдай 
әлемге паш ету ниетін аңғарамыз.
Бұл бағдарлама бойынша рухани мұра саласында айқындалып
біртіндеп жарияланудың жоспарына енген дүниелердің ішінде 100 
томдық ауыз әдебиет үлгілері бар. Бірақ бұл 100 том ауыз әдебиетінің 
барша үлгілерін түгел қамтып тұр дегенді білдірмейді. Бұл томдар 
халық ауыз әдебиетінің ең таңдаулы үлгілерін (лиро-эпикалық 
жырларды, батырлар жырларын, қиссаларды, ақындар айтысын
өлең-жырларын, ертек т.б.) ғана қамтып отыр. Бұлардың сыртында 
100 томға енбей қалған қаншама дүниелер жатыр.
Бұл 100 томдықты баспаға М.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институты дайындап отырса, оның сыртында Қазақстанның әр 
облысында да осы тәрізді ауыз әдебиет үлгілері өз алдына дайындалып 
жатыр. Мысалы, аталған бағдарлама ауқымында Павлодар қаласында 
әйгілі ақын, фольклор жинаушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 28 томдық 
материалының 6 томы жарияланып, оқырман қолына тиіп отыр. Сол 
сияқты, Алматыда айбынды батыр ақын Махамбет Өтемісұлының өз 
туындылары мен оның өмірбаянына бағышталған шығармалардың 20 
томдық жинағын 
«Арыс»
баспасы жарыққа шығарып отыр, т.т.
Бұл тәрізді игілікті істер әр жерде-ақ жүзеге асып жатыр. 
Елбасының инициативасымен басталып кеткен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет