2-китап indd



Pdf көрінісі
бет41/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«Мәдени мұра» 
бағдарламасы құзырында нәтижесінде бірер жылдың ішінде 
халқымыздың рухани байлығы түгелдей жинақталып, кітап сүйер 
қауымның қолына тиіп, кітап сөрелерінде тұратыны айқын.
Бұл – қазақ өмірінде ғана емес, барша түркі дүниесінде бұрын-
соңды бола қоймаған бұл оқиға барша әлемді осы халықтың 
рухани байлығымен бетпе-бет ұшырастырып, жақыннан танысуына 
мүмкіндік береді деген сөз. Ол дүниеміздің өркениет өрінен көрініп 
жүрген кейбір елдермен тайталасуы да, терезесі тең түсіп жатуы да 
ықтимал. Бұлардың бәрі, сайып келгенде, тіл құдіретіне байланысты 
дүниеге келген рухани байлық үлгілері екендігін ескертеді.
3. Мәдени мұра – атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып 
ауысып отыратын көне дүние. Ол тек халықтың тілі мен жадында 
ғана сақталады. Ал, осыншама мол дүниені бойында сақтап, келешек 


92
ұрпаққа төкпей-шашпай, өзінің бояу-нақышымен жеткізу үшін тілдің 
қазына-байлығымен қатар, құдіретті күші де, көркемдік қуаты да қажет.
Басқаша айтқанда, 
«Мәдени мұра»
бағдарламасы ауқымында халық 
жадынан жаңғырып-жаңаланып шығып, өзінің қолына қайта оралғалы 
отырған жүздеген томдық өткендегі бабаларымыздың асыл мұрасы, 
екінші жағынан – 
«қазақ тілі»
атты көне де байырғы мәдениеттің де төл 
ескерткіші.
Бұл объективті фактор «қазақ тілі мемлекеттік тіл бола алмайды, ол 
- қойшы-қолаңның тілі» деп оны өзінше күстаналаушыларға, өз тілінен 
жеріген кейбіреулерге нақтылы жауап болып саналса керек.
Дүниедегі барша құндылықтың парқы, әдетте, салыстыру арқылы 
ғана байқалады. 
«Мәдени мұра»
бағдарламасы бойынша жаңғырып, 
жарық көруге тиісті барша материалдық, рухани құндылықтарымызды, 
атап айтқанда: сәулет-құрылыс, көркем сурет, музыка, ән-күй, қолөнер 
т.б. сан алуан ұлттық мәдениет нысандардың парқын, әдетте, басқа 
халықтардың сондай құндылықтарымен салыстыра-салғастыра 
қарағанда ғана айқын көре аламыз. Ондай мүмкіншілік енді ғана туайын 
деп отыр. Қазақ жерінің асты да, үсті де көне қазына-байлық, мұраға 
толы. Сол мол да бай мұраларымыздың үлкен бір саласы – біз сөз етіп 
отырған – тіл құзырынан туындаған рухани мұраларымызды жан-жақты 
дамытуды елбасымыз экономикалық дамуымыздың заңды жалғасы деп 
қарап отыр.
Міне, осы тұста, көптен бері дұрыс шешімі табылмай, қоғамдағы 
көптеген проблеманың бірегейіне айналып отырған тіл проблемасы 
табиғи түрде алдымыздан көлденеңдеп шығатыны сөзсіз.
Кезінде, желтоқсан оқиғасының дүмпуінен кейін, ел болып, жұрт 
болып, қоғам құрып, үлкен дау-дамаймен жүргізілген күрес нәтижесінде 
ана тілімізге биік мемлекеттік мәртебе берілгені белгілі. Бұл мәртебе 
ғасырлар бойы қағажу көріп, қоғамдық өмірден тәркілене бастаған ана 
тіліміздің беделін көтеру үшін ғана емес, ендігі жерде сол тілді қоғам 
болып қорғап қалу үшін даму үрдісін жалғастырып заңды құқығын 
сақтап қалу үшін қажет болды. Егер сол кезде, яғни бұдан 15 жылдай 
бұрын, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілмей, мәселе басқаша (қос 
мемлекеттік тіл түрінде т.б.) шешілген болса, бүгінгі дау-дамайдың, тіл 
туралы талас-тартыстардың біреуі де болмаған болар еді. Сондықтан 
да бүгінгі күрес – тіліміздің мәртебесін сақтап қалу үшін күрес. Бұл 
күрестің бұрынғы күрестерден айырмашылығы - ол демократия мен 
тәуелсіздіктің, сөз бостандығының дами бастаған жағдайында өтіп отыр. 


93
Олай дейтін себебіміз: қазақ тілі үшін күрес бүгін ғана басталып 
отырған әрекет емес. Жігер-күші тасып, қазақ тілі үшін күреске бүгін ғана 
араласып отырған кейбір тіл сүйер қауым мүшелеріне бұл тәрізді әрекеттің 
бүгін ғана басталғандай болып көрінуі еріксіз езу тартқызады. Ал, біле 
білген адамға бұл дерттің ұлт бойына жұғып, қасаң болып қалғаны қашан. 
Ол дертпен қазақтың саналы азаматтары шама-шарқына қарай үзбей 
күресіп келе жатқандығына да, міне, 100 жылдан астам уақыт өтіп кетіпті.
Сөзіміз дәйекті болу үшін ескерте кетейік: бұдан тура 100 жыл бұрын, 
яғни 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде жазылған «Қарқаралы петициясында»: 
ұлттық мүдденің бірі ретінде:
«Ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін 
мектептер ашу, мемлекеттік апаратта, сот орындарында, іс қағаздарын 
қазақ тілінде жазу, олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою… т.т.» 
деген талап қойылады (Әлихан Бөкейханов. Шығ., 1994, 13 б.).
Ойлап тұрсақ, бұл қай заман еді?
Тіл қасіретіне ұшыраған халықтың мұң-зары одан кейін тоқтап па 
еді? Жоқ, ешбір тоқтаған емес. Ал қоғамда бізге дейін де тіліміз үшін 
талай күрес болған жоқ па еді? Халықымыздың саналы азаматтары 
(Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхаметов, Әлихан 
Бөкейханов т.б.) замана райына қарай қазақ тілінің тағдыры үшін күресін 
ешқашан тоқтатқан емес еді ғой. Тек, Сәкен Сейфуллиннің бір өзі ғана 1923 
ж. үкімет қаулысымен мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің мүшкіл 
жағдайына байланысты баспа бетінде арнайы 50-дей сын мақала жазғаны 
бар емес пе еді? Бір ғажабы, сол кезде айтылған әңгімелердің көбісі бүгін 
де қайталанып отыр. Советтік партократия кезінде де тіл саясатындағы 
бұра тартып, белінен басушылық кейбір саналы зиялылардың (мыс., 
Р.Бердібаев т.б.) қолына қалам алғызып пікірін ашық айтуға мәжбүр еткені 
де белгілі. Бірақ ол заман мен бұл заман бір емес қой. Ол кезде мәселе 
қалай көтерілсе, сол сәтте-ақ басылатын.
Ал тіліміз үшін бүгінгі күрес демократия, егемендік, сөз бостандығы 
жағдайында өтіп жатыр емес пе? Әркім ойға келген пікірін ашық айтуға 
құқылы, ол пікір сол сәтте-ақ қалың жұртшылықтың да, үкіметтің де 
құлағына жетіп жатады. Тыңдайтын құлақ болса, айтылатын сөздің біразы 
айтылды-ау, әлі де айтыла бермекші. Тіпті, бүгінгі таңдағы тіл туралы 
әңгімелер кешегі 80-90 жылдардағы әңгімелерден де басқашалау… 
ендігі күресіміз әйтеуір күрес емес, Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін 
(статусын) өз деңгейіне көтеру үшін оны мемлекетті басқаруға 
жарайтынына дейін өсіру үшін күрес. Өткен замандардай емес, қазіргі 


94
жағдаятта барлық заңды құқық күресушілер жағында, оларды ел-жұрт 
қолдайды, бірақ бұл күресті қызу науқанға айналдырып, ұрандатып, 
басын жарып, көзін шығармай өркениетті, мәденеитті тәсілдермен 
жүргізу қажет деп білемін. Бүгінгі күресіміз ерекше бір белсенділікпен, 
қызуқандылықпен өтіп жатқаны рас. Бірақ ол қалың жұрт, қарапайым 
халық арасында емес, парламент пен үкіметтің биік-биік мінберлерінде 
көбірек көзге түседі. Қалай болғанда да, мемлекеттік тіліміздің баяғыша 
жетім баладай есіктен сығалап, өз төріне емін-еркін өте алмай, әлі де 
аяғына қан түскен аттай кібіртіктей басуы, әрине, өкінішті-ақ.
Дегенмен, баршамыздың есімізде болатын жағдай: ана тіліміздің 
тағдыры үшін күрес әрқашан да қажет, оның қандай түрі болса да діттеген 
мақсатқа толық қолымыз жетпегенше тоқтамауы қажет. Бірақ күрес үшін 
ғана күресудің немесе тіл тағдырын бір сәтте шеше салам деп күресудің 
қажеті жоқ. Қашаннан бері тоқтамай де, толастамай да келе жатқан тіл 
үшін күресімізді, ендігі жерде не үшін күресетін түпкі мақсат-міндетін 
айқындап алуы керек. Солардың бірі – ұлт бойына дарып, «батпандап 
кіріп, мысқылдап шығатын» кәрі дерттің 3-4 ұрпақтың табиғатына сіңіп, 
болмысын жаулап алған тарихи-әлеуметтік, психологиялық, дәстүрлік 
фактордың себептерін айқындап, соның салдарын жоюға күш салуы қажет. 
Тіліміздің еркін дамуына әлі де, бүгінгі тәуелсіз мемлекет жағдайында 
да тосалғы, өсіп-өркендеуіне кедергі болып келе жатқан факторларды 
толық айқындап алып, ең алдымен солардың тамырына балта шабу қажет 
сияқты. Өйткені әрбір дерттің бетін қайтарып, емдеу үшін алдымен оның 
пайда болу себеп-салдарын, аурудың түрін (диагнозын) айқындап алу 
қажет екені белгілі. Күрестің алғы шарты да сол күрестің себеп-салдарын, 
түпкі мақсаттың негізгі мүддесін, нысанаға жетудің нақтылы әдіс-тәсілін 
айқындап алу. Онсыз жүргізілген күрестің бәрі – қарбалас науқан, жалаң 
үгіт-насихат, ұран.
Мемлекет тіліміздің аяғына тұсау болып келе жатқан ірі-ірі 
факторлардың бірнешеуін және оларды шешудің (өз көзқарасым бойынша) 
кейбір жолдарын атап өтейін.
1. Мемлекеттік тіліміздің малтығып, кең жолға шыға алмай жатуының 
көп себептерінің бірегейі – оң жақтағы ұлы көршімізге байланысты. Оның 
ғасырларға созылған отаршылдық және совет дәуіріндегі тотолитарлық 
саясаты бар, көршілес, достық қарым-қатынасы, демографиялық
мәдени, салт-дәстүр т.б. бар факторлар. Оны таратып, талдап айтпаса да 
түсінікті. Осы факторлардың тым тереңдеп, халқымыздың салт-санасын 
билеп алған әсерін біртіндеп болса да шектемесе, жағдай көп уақытқа 


95
дейін өзгермейтіні мәлім. Осы мәселені тіл саясаты арқылы, бейбіт 
жолмен шешуге болатын сияқты. Оған үкімет те, қазақ халқы да 
және Қазақстандағы барша ұлт өкілдері де саналы түрде атсалысуы 
қажет деп білемін. Қазақстан сияқты ұлттық, зайырлы мемлекет үшін 
мемлекеттік тілдің аяқасты болуы да оның халықаралық беделіне 
нұқсан келтіруі сөзсіз. Ал бұл мәселені көп созбай шешу ел арасында 
дау-дамай, дүрдараз тудыра қоймайды деп ойлаймын. Өйткені біздің 
елде тұрақтылық, тыныштық орнатқан ұлттық саясаттың шынайы 
түзулігі, құдайға шүкір, достарға да, дұшпандарға да мәлім. 
2. Тіл тағдыры да, тіл саясаты да демография мәселесіне тікелей 
байланысты. Қазақтың демографиялық жағдайы негізінен үш 
саладан тұрады. Оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет