НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет104/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

2007 жылғы Конституциялық реформа. 
Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
Еліміз қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен жаңа 
жағдайларға саясат саласын да толық сәйкестендіру мақсатында, саяси 
өрісті реформалауды әрі қарай жалғастыру керек екеніне мен сонау 2000-
шы жылдардың бас жағында-ақ барынша сенімді болдым. 
2007 жылдың 16 мамырында Парламент палаталарының бірлескен 
отырысында мен «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер 
мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынып, сөз сөйледім. Бұл 
шын мәнісіндегі конституциялық реформа болатын.
Бұл жоба 2005–2007 жылдары жүргізілген саяси диалогтың нақты нәтижесі 
еді. Оған әбден пысықталып, тиянақталған жан-жақты ұсыныстар енгізілді.
Мемлекеттіктің дағдарысқа қарсы батыл әрекеттерге баруды қажет еткен 
қалыптасу кезеңінде билік өкілеттіктерін шоғырландыру бағытына дұрыс 
таңдау жасалды. Енді, жаңа кезеңге қадам басқанда, либералды саяси өз-
герістердің уақыты келді.
Біздің «алдымен экономика – сонан соң саясат» деген стратегиялық 
ұстанымымыз тағы да сәтімен жүзеге асты.
Мен, біріншіден, билік өкілеттіктерін қайта бөлу және Парламенттің 
рөлін көтеру бағытында батыл қадам жасауды ұсындым. Сенат пен Мәжіліс 
депутаттарының жалпы саны 154 адамға дейін жетті, мұның өзі Қазақстан 
халқының санына тура пропорционал. Мәжілістің жеке өзі Үкіметке де, әр 


202
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
министрге де сенімсіздік білдіре алатын болды және бұл рәсім оңайлатыл-
ды. Парламент Конституциялық кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының 
(ОСК) және Есеп палатасының үштен екі бөлігін жасақтау құқығын иелен-
ді. Премьер-Министрді төменгі палата депутаттарының басым көпшілігінің 
келісімін ала отырып, Президент тағайындайтын болды.
Екіншіден, саяси партиялардың рөлін нығайту және Мәжіліс депутат-
тарын сайлаудан өткен партиялардың өкілдерінен пропорционалды жүйе 
бойынша сайлау ұсынылды.
Үшіншіден, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына мүмкіндік туды, мәс-
лихаттар бұл саланың негізіне айналды. Жергілікті өкілетті органдар депу-
таттарының өкілеттік мерзімі бес жылға ұзарды. Мәслихаттың әкімге сенім-
сіздік білдіру рәсімі жеңілдетілді.
Төртіншіден, сот жүйесінің жұмысы жетілдіріле бастады, сот лауазымы-
на үміткерлерді іріктеу міндеті Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілді.
Бесіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін бұл органға конс-
титуциялық мәртебе беріп, Сенат пен Мәжілісте оның өкілеттігін қамтама-
сыз ету арқылы нығайта түсу шаралары қарастырылды.
Алтыншыдан, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру, редак-
циялық саясаттың тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, журналистердің 
құқығын қорғау және азаматтық қоғамды әрі қарай дамытуға бағытталған 
тағы да басқа нақты іс-әрекеттер назарға алынды.
Азаматтардың құқығын нығайта түсуге айрықша мән берілді. Адам 
құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру мәселесі зор маңызға ие болды.
2007 жылдың 18 мамырында екі күнге созылған талқылаудан соң Пар-
ламент «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен то-
лықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.
Парламент позициясының орнықтылығын қамтамасыз еткен 2007 
жылғы реформа біздің саяси шынайылығымыздың жарқын дәлеліне, ұзақ 
мерзімді перспективада мемлекет негізін берік ете түсуге деген бәріміздің 
ортақ ұмтылысымыздың нәтижесіне айналды.
Қазақстанға ЕҚЫҰ-да төрағалық ету құқығын беру мәселесі түбегейлі 
шешілер сәтте халықаралық қоғамдастық, сөз жоқ, 2007 жылғы ауқымды 
конституциялық реформаға назар аударды. Бұл еліміздің сыртқы саясатын-
дағы ең ірі жетістігі және, сонымен қатар, жемісті жүргізілген ішкі саяси өз-
герістердің нәтижесі болды.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет