200
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2002 жылдың өн бойында елдің бүкіл саяси күштерін дөңгелек үстел
басында біріктіре алатын ішкі саяси диалог форматы жайында жиі ойлап
жүрдім. Қараша айында Қазақстан халықтары Ассамблеясының ІХ сессия-
сында мен Азаматтық қоғамды дамыту және оны әрі қарай демократия-
ландыру бойынша кеңес құру туралы бастама көтердім. Мен онда бұл қа-
дамға өзара түсінісу үшін әдейі барып отырғанымды шын көңілмен ашық
мәлімдедім. Халық пен қоғамның қамын ойлайтындардың бәрі бір үстел
басына жиналып, алуан түрлі пікірлерді бірге тыңдап, бір мәмілеге келсе
екен деген ниетім еді.
2002 жылдың желтоқсанында Демократияландыру жөніндегі кеңес ви-
це-премьер Б. Мұхамеджановтың төрағалығымен өз жұмысын бастап кетті.
Оған қатысушылар 2003 жылы «Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізуге
қатысты бастама тәрізді бірнеше маңызды мәселелерді қарады. БАҚ тура-
лы заң жобасы да қызу пікірталасқа ұласты.
2004 жылы Парламент сайлауы өтетін болды, осыны ескере келіп, мен
аталған Кеңес жұмысына жаңа серпін берер кез келді деп шештім. 2004
жылдың маусымында «Отан» партиясының VII съезінде ішкі саяси жүйе ні
жетілдіруге қатысты шаралар ойластыруды қолға алатын Демократия және
азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы ұсы-
ныс айттым. Құрамына саяси партиялар жетекшілерінің бәрі енген ұлттық
комиссия 2004 жылдың қараша айында құрылды.
Конструктивті ішкі саяси диалог жүргізу міндеті оңай болған жоқ, кей-
де ұстараның қылпылдаған жүзімен жүргендей,
сақ қимылдауға тура
келді. Саяси жүйенің реформасын осы бір жасампаздық процеске бүкіл
қоғамдық спектрді қамтитын алуан түрлі саяси күштердің бәрі жап-
пай қатыса алатындай етіп жүргізу қажет еді.
Сонымен бірге, қоғамдағы
жайма-шуақ тыныштықтың
іргесін шайқап алмайтындай, еліміз үшін аса
маңызды тұрақтылықты бұзып алмайтындай әрекет етуге тиіс болдық.
Ұлттық комиссияның төрағасы болып Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Б. Өтемұратов тағайындалды. Бұл мемлекеттік
орган ұсыныстар тізімін
әзірлеп, содан кейін оны ұлттық комиссия негізінде құрылуы жоспарланған
мемлекеттік комиссияның қарауына жіберуге тиіс еді.
2006 жылдың 20 наурызында Демократиялық реформа бағдарламала-
рын түзу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оған пар-
ламенттің, үкіметтің, саяси партиялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері енді.
Демократиялық жаңарулардың жалпыұлттық бағдарламасын жасау жұмысы
кідіріссіз басталып кетті. Мемлекеттік комиссия мәртебесінің барынша биік бо-
луын ойлағандықтан, бұл құрылымның төрағалығын өзім атқаруым керек деп
шештім.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
201
Сол жылдың маусым айындағы мемлекеттік комиссияның отырысында
мен жақын арада Қазақстанның саяси жүйесі өкілетті билік тармағының
рөлі мен өкілеттігін арттыруға қатысты айтарлықтай жаңаруды бастан ке-
шетінін мәлімдедім. Бұл Парламент қызметіне ғана емес, мәслихат жұмы-
сына да қатысты өзгерістер еді.
Мен Үкіметке әр заң жобасына мұқият үңіле қарауды тапсырдым. Заң
шығаруға байланысты осы бір қомақты
жұмысты аяғына дейін жеткізіп,
нақты нәтижеге ұластыру керек болды. Бұл істе ұсақ-түйек деген болмауға
тиіс. Бұл – жауапкершілігі аса зор, ауқымды шаруа. Бұл заңдарды «басты
байлық – тұрақтылық пен халықтың әл-ауқаты» деп білетін мемлекетіміздің
орнықтылығы тұрғысынан қарастырған абзал.
Бастапқыда қиынға соққан, бірақ соңы нақты нәтижеге ұласқан 2002–
2006 жылдардағы саяси диалогтың арқасында саяси реформа жөніндегі
елімізге қажетті негізгі қоғамдық мәмілеге қол жетті.
Достарыңызбен бөлісу: