ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
205
2008 жылдың желтоқсанында Мәжіліс «Саяси партиялар туралы» заңға
түзетулер енгізді. Сол өзгерістерге сәйкес, партия жақтастарының тіркелу
үшін қажетті саны 50 мың адамнан 40 мыңға, ал өңірлік шектеу – 700-ден
600 адамға азайтылды. Тіркеу үшін құжаттарды өткізу мерзімі екі айдан
төрт айға ұзартылды.
2011 жылдың соңына қарай Қазақстанда сегіз саяси партия жұмыс істеп
жатты (мүшелерінің жалпы саны 1,3 миллион адам), олар – «Нұр Отан»
халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ауыл»
социал-де-
мократиялық партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы, Қазақстанның
«Ақ жол» демократиялық партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы,
Қазақстан
коммунистік халықтық партиясы, «Руханият» партиясы, «Азат»
жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Саяси жүйенің жаңаруы саяси партиялардың қарқынды бірігуіне,
қоғамда заманауи саяси модельдің
қалыптасуына алып келді, сонымен
бірге елдегі саяси тұрақтылықтың нығаюына септігін тигізді.
Құқықтық саяси алаңда алуан түрлі сегіз саяси партияның пайда болуы
мақсатты түрде партияаралық бәсекенің
қалыптасқанын және әрқилы
әлеуметтік-экономикалық мүдделердің қамтылғанын аңғартады. Елдің
партиялық-саяси жүйесі қарбалас іс-әрекет пен қарапайым ашықтықтың
жандануына қарай бағыт алды.
Достарыңызбен бөлісу: