ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
213
қарсы іс-қимыл жүргізу секілді бірқатар оқу-жаттығулар өткізілді. Оңтүстік
шекараларда ТМД елдері лаңкестікке қарсы күштерінің өзара ықпалдаса
әрекет ету мәселелері шешіліп жатты. 2002 жылдың көктемінде Сарышаған
полигонында «Отан қалқаны-2002» атты ірі жаттығу болып өтті. Бұл Қару-
лы күштердің мерейтойы қарсаңында егемен Қазақстан әскерінің әлеуетті
екеніне көз жеткізген маңызды сынақ еді.
2003 жылдың 7 мамырында мен қол қойған Қарулы күштердің құрылы-
мын жетілдіру туралы Жарлық Қазақстан Республикасының қорғаныс са-
ласын үйлестіре дамытудың жаңа кезеңінің бастауы болды.
Бас штаб негізінде штаб басшыларының комитеті құрылды.
Қарулы
күштердің үш түрлі құрылымына көшу жүзеге асырылды – Құрлықтағы әскер,
Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері. Ұтқыр күштер негізінде
Жоғарғы Бас Қолбасшының резервті күші – Аэроұтқыр әскер жасақталды.
Басқаруды оңтайландыра түсу үшін әскери округтер «Батыс», «Шығыс»,
«Оңтүстік» және «Астана» атты өңірлік қолбасшылықтар болып өзгерді.
Кадр даярлау ісі де сапалы қайта ұйымдастыруды бастан өткерді. Әске-
ри академия негізінде Шортандыда Ұлттық қорғаныс университеті ашыл-
ды. Әскери оқу орындары түрлік сипаттарына орай қайта құрылды: Құр-
лықтағы әскер институты (Алматы), Әуе қорғанысы күштері институты
(Ақтөбе), Әскери-теңіз күштері институты (Ақтау).
Қарулы күштер сапындағы өзгерістердің басты бағыты – әскердің кәсі-
биленуі болды. Жасақтаудың аралас принципіне
кезең-кезеңімен көшу
басталды. Сержант-кәсіпқойлар институты құрылды.
2005 жылдың маусым айында «Әскери міндеттілік және әскери қыз-
мет туралы» заң қабылданып, қызметтің жаңа мерзімін белгіледі: мерзімді
қызмет әскери қызметшілерге – 12 ай, мерзімді қызмет офицерлерге –
24 ай болды.
2006 жылы Қарулы күштерді дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге ар-
налған мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. 2007 жылы лаңкестер, экс-
тремистер, заңға бағынбайтын бандалық құрамалар тарапынан төнер қа-
уіпке лайықты жауап бере алатын жаңа Әскери доктрина бекітілді.
2011 жылдың ақпан айында Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа
мәжілісінде мен: «Әскери құрылымымыздың іргесіне негіз болып қаланған
басты қағидалар мен механизмдердің дұрыс
таңдап алынғанын өткен
жиыр ма жыл айқын аңғартты», деп, нық жауапкершілікпен мәлімдедім.
Сөйтіп, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда егемен елдің қорғанысын,
қауіпсіздігін және экономикалық мүдделерін сенімді түрде қамтамасыз ету-
ге қажетті барлық құрылымдар қалыптасты. Елдің алаңсыз, бейбіт дамуына
қолайлы жағдай туғызатын сенімді қалқан жасалды.