НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет105/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

2007 жылғы Парламент сайлауы: 
«Нұр Отан» партиясының айқын жеңісі
2007 жылдың 19 маусымында Мәжіліс депутаттарының бір тобы 
менің атыма хат жазды. Онда «Қазіргі мәжіліс реформаларды тежейтін 
күшке айналмауы керек. Демек, өзінің өкілеттігі бітетін уақыт – 2009 
жылды күтіп отырмағаны жөн деп есептейміз» делініпті. Халық қалау-
лыларының пікірінше, олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататын 
сәт туды. Осы хатты қарастыра келіп, 20 маусым күні мен Парламент-
тің төменгі палатасын тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы 
шешім қабылдадым.
2007 жылдың 18 тамызында Мәжіліс депутаттарын сайлау алғаш рет 
пропорционалды сайлау жүйесінің шартымен – партиялық тізім бойынша 
жүзеге асты. Қазақстан азаматтары жекелеген үміткерлерге емес, партия-
лық бағдарламаларға дауыс берді. 2007 жылдың 20 тамызында Қазақстан 
халқы Ассамблеясынан (ҚХА) Мәжіліске сайлау өткізілді.
Төртінші шақырылымдағы Парламенттің төменгі палатасына барлығы 
107 депутат сайланды, оның 98-і – пропорционалды өкілеттік жүйесі бо-
йынша партиялық тізім негізінде, ал 9-ы – ҚХА-дан еді. 
Бұл Парламент сайлауын конституциялық реформаны қорытындылай-
тын түпкі нәтиже деуге болады. Жаңа Мәжіліс жаңартылған Конституция 
алып берген барлық өкілеттікті иеленіп, өз жұмысын бастады.
2007 жылғы Парламент сайлауында «Нұр Отан» халықтық-демократия-
лық партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті.
2 қыркүйек күні төртінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессия-
сын ашып тұрып, «Нұр Отан» партиясының жеңісі біздің партия депутат-
тарын еліміздің барлық азаматтарының, оның ішінде басқа партияларға 
дауыс берген жандардың да мүддесін қорғауды міндеттейді, – деп атап 
көрсеттім. Депутаттарға «Сіздер партиямыздың нағыз халықтық сипатын іс 
жүзінде дәлелдеулеріңіз керек», – деп ескерттім.
Сайлаудың алғаш рет пропорционалды жүйе бойынша өткізіліп, 
партия лардың бәрінің сайлаушыларға өз бағдарламаларын таныстыруы-
на мүмкіндік берілгеніне қарамастан, Парламентке тек бір ғана партия өте 
алды. «Нұр Отан» партиясының саяси салмағы оның қарсыластарына қа-
рағанда әлдеқайда артық екенін ескере келгенде, саяси пікір алуандығын 
заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және партиялардың Парламенттегі 
өкілеттілігін арттыру мәселелері туындады.


204
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет