НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Құбырлар қуаты: өзара тиімді саясат



Pdf көрінісі
бет122/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Құбырлар қуаты: өзара тиімді саясат
Әлемдік мұхитқа тура шығатын жолдың болмауы Қазақстан үшін экс-
порттық құбыр желілері инфрақұрылымын құрудың маңызын арттыра түсті.
1990-шы жылдары Қазақстан мұнайын сыртқы нарыққа шығаратын 
жалғыз құбыр желісі «Өзен – Атырау – Самара» тармағы еді, оның өзі 
еліміздің ұлғайып келе жатқан мұнай саласының экспорттық қажеттілік-
терін еш қанағаттандыра алмайтын. Егер 2000 жылы елімізде 35 миллион 
тонна мұнай өндірілген болса, оның 11 миллион тоннасы ғана өңделген 
еді. Мұнайдың едәуір бөлігін Қазақстан теміржол желісі арқылы тасымал-
дауға мәжбүр болды.
Мұнай өндіру көлемінің ұлғая түсуін ескере келгенде, жаңа құбыр 
желілерін тарту жөнінде көрші мемлекеттермен келісімге келу Қазақстан 
үшін алдыңғы кезектегі аса маңызды міндетке айналды.
Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы Қара теңіз жағалауына жет-
кізуге мүмкіндік берген «Теңіз – Новороссийск» (Каспий құбыр желісі кон-
сорциумы, КҚК) құбыр желісін салу туралы Қазақстан – Ресей келіссөздері 
төрт жылдан астам уақытқа созылды. Ресей тарапымен болған бұл келіс-
сөздер жөнінде арнайы үлкен кітап жазуға болады. Ақыр соңында, Қа-
зақстан үшін маңызы аса жоғары бұл мәселе оң шешімін тапты.
«Теңіз – Новороссийск» құбыр желісінің құрылысы 1999 жылы бастал-
ды, ал 2001 жылы оның жылына 28 миллион тонна мұнай өңдеу қуатына 
ие алғашқы кезегі іске қосылды. 2001 жылдың 13 қазанында КҚК-ның Ново-
российск түбіндегі теңіз терминалында Қазақстан мұнайы тиелген алғашқы 
танкер жолға шықты. Теңіздің телегей мұнайы экспортқа шықты. 2011 жыл-
дың шілдесінде Атырауда КҚК-ны кеңейтуге арналған құрылыс жұмыстары 
басталды. 


228
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қазақстан мұнайын экспорттаудың тағы бір маңызды бағыты – Қытай 
Халық Республикасы болды. Бұл бағыттағы келіссөздер де бірнеше жылға 
созылып, ақырында 2004 жылдың мамырында менің Бейжіңге жасаған са-
парымның нәтижесінде сәтті аяқталды.
Сол жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысында «Атасу – Ала-
шанькоу» құбыр желісінің құрылысы басталды. Бұл құбырды Теңіз мұнайы-
мен ұштастыру үшін Батыс өңірден Орталық Қазақстанға, одан әрі Атасуға 
баратын «Теңіз – Кеңқияқ – Құмкөл» құбыр желісі салынды. Қазақстаннан 
Қытайға алғашқы мұнай «Атасу – Алашанькоу» экспортты құбыр желісі 
арқылы 2006 жылдың мамырында жөнелтілді.
Екі жоба да – КҚК да, «Атасу – Алашанькоу» да – егемен Қазақстанның 
дәйектілікпен жүргізген сындарлы сыртқы саясатының орасан зор табысы 
еді. Әу бастағы қиындықтардың бәрі артта қалды, енді ХХІ ғасырда бұл 
құбыр желілері Қазақстанның, Ресейдің, Қытайдың мүддесіне қызмет етіп 
келеді және қызмет ете беретін болады.
2003 жылы Каспий қайраңын игеру бағдарламасы қабылданды. Оны 
жүзеге асырған жағдайда Қазақстан энергия ресурстарының экспорттық 
тасымалын ондаған жылдар бойы арттырып отыру мүмкіндігіне ие болады, 
сол арқылы халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етеді, индустриаландыру-
ды, ауыл шаруашылығын және әлеуметтік саланы қаржы-қаражатпен қол-
дап-қуаттайды.
2009 жылдың 14 желтоқсанында аса маңызды оқиға болды: Қазақстан, 
Өзбекстан, Түрікменстан және Қытай басшылары Орталық Азия газының 
әлемдік нарыққа барар жолын әртараптандыруға мүмкіндік берген, жал-
пы ұзындығы 7 мың шақырымға созылатын жаңа «Түрікменстан – Қытай» 
трансұлттық газ құбырын ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет