232
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ұлғаюы, инвестиция және өнеркәсіп өсімінің жоғары қарқыны да аз ықпа-
лын тигізген жоқ.
Қазақстан – жаңа ғасырдың бірінші онжылдығының ортасында әлемде-
гі ең серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болды. Сол жылдары
Қазақстандағы ІЖӨ-нің жылдық өсімі 9–10 процентке жеткен еді. Көптеген
көрсеткіштер бойынша еліміз жаңа тәуелсіз
мемлекеттерді басып озды,
ал шетелдік инвестициялар көлемі мен ІЖӨ өсу қарқыны жөнінен әлемдік
көшбасшылардың қатарына қосылды. 2007 жылы Қазақстан табыстың ор-
таша деңгейі және жан басына шаққандағы ІЖӨ мөлшері жөнінен көш ба-
сындағы мемлекеттердің тобына еніп, әлемдік рейтингте 211 елдің ішінде
88-ші орынға көтерілді. Қазақстанның инвестиция салуға барынша қолай-
лы әлемдегі үздік 25 елдің тобына қосылуы да осы кезеңде болған еді.
2000-шы жылдары экономиканың дамуы жұрт күткендегіден де жоғары
қарқында жүрді. 2008 жылда-ақ, мерзімінен екі жыл бұрын, 2000 жылғы
деңгеймен салыстырғанда ІЖӨ екі есеге ұлғайды. Бұл, бейнелеп айтқанда,
бәріміз тағы бір Қазақстан жасап шықтық дегенді білдіреді.
Бұдан бөлек, үш-ақ жыл ішінде, 2005 жылдан 2007
жылға дейін, Қа-
зақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ-ні екі еселеді; 2007 жылы осынау
маңызды көрсеткіш 7 мың доллардан асты. Егер 1990-шы жылдардың орта
шенімен
салыстырсақ, бұл көрсеткіштің ондаған есе өскенін көреміз.
Халықтың еселі еңбегімен және әлемдегі қолайлы конъюнктурамен бе-
кемделе түскен біздің экономикалық бағдарымыз тамаша нәтиже берді.
Ол жылдардағы экономикалық өсімді қамтамасыз еткен алғы шеп –
мұнай секторы еді. Біз бұл аса маңызды байлықты мемлекет тұрғысынан
өте ұқыптылықпен пайдаландық, елдің бүкіл экономикасы мен әлеуметтік
саласын алға сүйреген локомотив іспетті мұнай өнеркәсібінің тұрақты өсу
стратегиясын айқындап алғанымыз абзал болғанына көз жеткіздік.
2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда мұнайдың миллиардыншы
тоннасы өндірілді. Еліміздің өз аумағында жүзеге асырылып жатқан мұнай-
газ жобаларының толыққанды инвесторы ретіндегі позициясы күшейтілді,
Қазақстанда мұнай өндіретін шетелдік мұнай компанияларымен өнім бөлі-
су шарттары белгіленді.
Қазақстан экономикасының дамуына әсіресе шикізат, кен, металл өндіруге
маманданған ірі отандық кәсіпорындар мол үлес қосты. Атом өнеркәсібі үшін
аса қажетті шикізат – табиғи уран өндірудің маңызы арта түсті. Егер 1997 жылы
Қазақстан уран өндіруден он үшінші орында болса, 2003 жылдан бері Канада
мен Австралиядан кейінгі үшінші тұғырға нық табан тіреді, ал 2010 жылы әлем-
дегі ең ірі уран жеткізуші ел атанды. 2012 жылы Қазақстандағы уран өндіру
бүкіл әлемдегі өндіріс көлемінің 37 процентін құрады.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
233
Шикізаттық сектормен қатар, экономиканың басқа салалары да біртін-
деп дами бастады.
Мен мынаған нық сенімдімін: мұнай-газ шикізат секторын, сөз жоқ, әрі
қарай дамыта берген жөн. Сол өсім барысында және құйылатын қаржы
түсімдерінің арқасында заманға сай индустриалды-инновациялық эконо-
мика қалыптастыруымыз керек.
Қазақстанда жеңіл және жүк
көліктерін, тепловоз, электровоз, вагон,
тікұшақ шығара бастау 2000-шы жылдардағы жаңа құбылыс болды. Егер
алғашқы кезеңдерде қазақстандық кәсіпорындар тек жалпы құрастырумен
айналысқан болса, кейінгі жылдары өндірістегі жергілікті еңбектің үлесі
ұлғая берді.
Қазақстанның жетістіктері әлемдік рейтингтерде лайықты көрініс тапты.
Еліміз өзінің экономика еркіндігі рейтингіндегі (Index of Economic Freedom)
көрсеткіштерін жақсарта түсті. 2007 жылы
Қазақстан содан екі жыл
бұрынғыдан 56 қатар жоғары жылжып, 75-орынға табан тіреді. Сол 2007
жылы Қазақстан Бүкіләлемдік банктің салық төлемдерінің оңайлық дәре-
жесін байқататын рейтингінде 178 елдің ішінде 44-орын алды. Содан бір
жыл бұрын еліміз 66-орында еді. Бизнес жүргізудің оңайлығын бағалайтын
рейтингте (Doing Business) 2007 жылы Қазақстан 65-орын алып, содан бір
жыл бұрынғы көрсеткішімен салыстырғанда 20 орын алға жылжыды.
Мұның бәрі жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығында Қазақстанның
тұрақты өсу траекториясына ілескенін байқатады. Экономикалық жетістік-
теріміз бізді Орталық Азиядағы көшбасшы ел деңгейіне көтерді. Қазақстан-
ды экономикалық дамудың «өңірлік локомотивіне» айналдыратын мүмкін-
діктер көріне бастады.