НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Әлеуметтік саясаттағы батыл бетбұрыс



Pdf көрінісі
бет130/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Әлеуметтік саясаттағы батыл бетбұрыс
Әлеуметтік дамудың қазақстандық моделі ерекшеліктерінің негізі әу 
бастан қаланып, кейінгі жылдары жетілдіріліп, толықтырылған болатын. 
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан кедейшілікпен күресуде, елдің барлық 
азаматтарын бірдей мүмкіндікпен қамтамасыз етуде ғаламат жетістіктерге 
қол жеткізді.


240
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2000–2001 жылдары әлеуметтік саясатта түбегейлі өзгерістер болды. 
Енді ол мемлекеттік бюджет кірістерінің өсімі жағдайында жүргізілді. Оның 
басты элементтері зейнеткерлерге, ардагерлерге, көп балалы аналарға 
әлеуметтік қолдау көрсету, кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күресу еді.
2000 жыл Кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі мемле-
кеттік бағдарламаны жүзеге асырудың басы болды. Бұл жұмыссыздықты 
9 процентке дейін азайтып, 400 мың жұмыс орнын ашуға бағытталған 
бағдарлама еді. Мемлекеттің, өңірлердің күш-жігері және экономикадағы 
оң динамика жұмыссыздықтың азаюына әсер етті. Оның ең төменгі дең-
гейі – 7 процент – Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында болды.
2001 жылдың шілдесінде табысы кедейшілік шегінен төмен тұлғалар 
мен отбасыларды мемлекет тарапынан берілер арнайы ақшалай төлем-
дермен қамтамасыз ететін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 
заң күшіне енді.
2000-шы жылдардағы Жолдауларда тиімді әлеуметтік саясатқа үнемі 
баса назар аударылды, халықтың әлеуметтік көңіл күйі қашанда мемлекет-
тік саясаттың алдыңғы легінде қала береді.
Білім беру, денсаулық сақтау және жалпы бюджеттік сала қызметкер-
лерін әлеуметтік қорғауға бөлінетін қаражат көлемі өсіп жатты.
Ана мен баланы қорғауға байланысты нақты мәселелерге мен қашанда 
айрықша маңыз берумен келемін. 2003 жылдан бала тууға байланысты 
мемлекеттік жәрдемақы төлене бастады.
Тұрғын үй саясаты – қазіргі заманғы кез келген мемлекеттің әлеуметтік 
саясатының маңызды бөлігі. 2004 жылы Үкімет Тұрғын үй құрылысының 
2005–2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. 
Енді тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны ағымдағы бағамға байланысты 
теңгемен есептегенде орташа есеппен 350 доллардан аспауы керек. Са-
тып алынатын тұрғын үй үшін төленер алғашқы жарна 50-ден 25 процент-
ке төмендетілді, ал несиені қайтару мерзімі 15-тен 25 жылға ұзартылды. 
Осы бағдарлама бойынша 2007 жылы 4 мыңнан астам пәтер пайдалануға 
берілді.
Тұрғын үй мәселелерін шешудің 2000-шы жылдары кең тараған тағы бір 
тәсілі – өз баспанасының салыну жобасын жеке ақшасымен қаржыландыр-
ған азаматтардың (үлескерлердің) қатысуымен жүзеге асатын үлескерлік 
құрылыс еді (2007 жылы олар шамамен 30 мыңдай адам болатын). Тұрғын 
үйді салу инвестор несиесінің есебінен жүргізілді. Осы шартты орындау 
құрылыстың аяқталуына кепіл болады деп болжанды.
2004 жылы КСРО Жинақ банкінің салымдарын өтеу аяқталды. Жалпы 
алғанда 4,8 миллиард теңге қаражаты бар 1,5 миллион шот қайта рәсімделді.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
241
Әлеуметтік саясаттағы жаңа кезең 2005 жылы басталды. Әлеуметтік ре-
формаларды жүргізуге кешенді тәсіл таңдап алынғаны хабарланды. Сол 
жылы Үкімет Әлеуметтік реформаларды әрі қарай тереңдетудің 2007 жылға 
дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
Әлеуметтік қамсыздандырудың тұрақты үш деңгейлі жүйесі жасала 
бастады. Бірінші, базалық деңгей – мемлекет кепілдендірген әлеуметтік 
жәрдемақылар. Екіншісі – жұмысшыларды міндетті әлеуметтік сақтанды-
ру есебінен аударылатын әлеуметтік төлемдер. Үшінші, қосымша деңгей – 
жеке және кәсіби ерікті аударымдар есебінен өндірілетін әлеуметтік төлем-
дер.
2006 жылдан бастап бір жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін мемлекет-
тік әлеуметтік көмек енгізілді, көп балалы аналарға арналған жәрдемақы 
көлемі екі есеге артты.
2007 жылғы Жолдауда әлеуметтік саясаттың кеңінен қамтылған толық 
көрінісі ашыла түсті. Жай қысқаша тізімінің өзі мемлекет қолға алып отыр-
ған шаралардың ауқымын аңғартады.
Мен бала тууға және оның бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне берілетін 
жәрдемақы мөлшерін көтеру, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті және 
босануды сақтандыруды енгізу, базалық зейнетақы мөлшерін көбейту, 
зейнетақы төлемдерін индекстеу, еңбек демалысына шыққанда сауықтыру 
жәрдемақысын енгізу, зиянды еңбек жағдайында өтіл жинаған тұлғаларды 
әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру секілді мәселелерді шешуді Үкіметке 
тапсырдым.
Осы тапсырманың бәрін орындауға қажетті жылдық сома да айтылды – 
108 миллиард теңге. Осының өзінен халықтың әл-ауқаты мәселесі таразы ға 
тартылғанда, мемлекет қашанда биіктен көрінгені абзал екенін ұғуға бола-
ды.
ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы әлемдік қоғамдастықтың да-
муын таразылаған БҰҰ Қазақстанның әлеуметтік саладағы жетістіктерін 
мойындап, оны адам әлеуетінің деңгейі жоғары елдерінің тобына қосты. 
Бұл – біз жүргізіп отырған мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нақты сапасын 
байқататын көрсеткіш.
Алғашқы ең ауыр, 1990-шы жылдардағы күнкөріс кезеңінен есен-сау 
өтіп, ес жиып алған мемлекет кейін әлеуметтік кепілдіктердің тұрақтылық 
қағидасынан да айныған жоқ. Еліміз екі жаһандық дағдарысты бастан өт-
керді, сонда да бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақы, 
шәкіртақы, әлеуметтік жәрдемақылар тұрақты беріліп қана тұрған жоқ, 
үнемі өсіп те отырды.


242
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет