ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
231
негізгі тұтынушылар – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ауғанстан.
Сарапшылардың
есептеуіне қарағанда, Өзбекстандағы әрбір бесінші, ал
Тәжікстандағы әрбір екінші нан қазақ бидайынан пісіріледі екен.
Әлемдік нарықта Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұра-
ныс арта түсті. Диқандар жаңа дақылдар өсіруді игере бастады. Күнбағыс
майының, терінің және жүннің экспортқа шығарылуы өсе берді. Мал шаруа-
шылығының дамуында да өрлеу байқалды. 2007 жылы жалпы өсімдіктен
және малдан алынатын өнімдерді экспорттау 2004 жылмен салыстырғанда
2,5–3 есе өсті.
Қазақстандықтардың әл-ауқатының
жақсаруы ауыл шаруашылығы
өнімдеріне сұраныстың артуына сеп болды. Агроөнеркәсіптік кешенге
салынған инвестиция үш есе ұлғайды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары
ашылды.
Агроөнеркәсіптік кешенді тиімді басқару үшін 2006 жылы «ҚазАгро»
Ұлттық басқару холдингі құрылды. 2007 жылғы Жолдауда мен «ҚазАгро-
ның» негізгі міндеттері – ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілік дең-
гейін және өнімділігін жүйелі түрде көтеру, экспорттық
әлеуеті бар өндіріс-
терді қаржыландыру екенін атап көрсеткенмін.
Үкімет үнемі қазақстандық аграршылардың есіне мынаны салып отырды:
Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) енуіміз отандық ауыл шаруашылығы-
ның бәсекеге қабілетті болуын қатаң талап ететіні сөзсіз. Бұған алдын ала
дайын болған жөн.
Агроөнеркәсіптік кешен ақырында өзінің орасан зор әлеуетін то-
лығымен жүзеге асыра алды: 2000-шы жылдардың
ортасына қарай экс-
портқа шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдері импорттан 35 процентке
асып түсті.
Достарыңызбен бөлісу: