254
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
2010 жылдың сәуірінде Үкімет республикалық маңызы бар – 101 жо-
бадан және 136 аймақтық жобадан тұратын Индустриаландыру картасын
бекітті. Индустриаландыру картасы аймақтық-экономикалық жоспарлау-
дың сенімді құралына айналды. Карта мемлекетке бизнеспен бірігіп оңтай-
лы инвестициялық шешім қабылдауға және жеке сектор жобаларын ин-
фрақұрылымды дамытумен ұштастыруға мүмкіндік туғызды.
Біздің табыстарымыз әлемде жоғары бағаланды. Дүние жүзіндегі ең ірі
«JP Morgan» инвестициялық банкі төрағасының орынбасары Робин Рен-
вик 2010 жылдың маусымында былай деп мәлімдеді: «Қазақстанның бо-
лашағы жарқын. Өзге елдердей емес, Президент републиканы жаһандық
дағдарыстан абыроймен алып шықты. Тұрақтылықты қамтамасыз етті. Ал
бүгінде Қазақстанда жеделдетілген индустриаландыру басталды».