НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жалпыұлттық келісімнің қазақстандық моделі



Pdf көрінісі
бет142/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жалпыұлттық келісімнің қазақстандық моделі
2000 жылдың ең ірі жаһандық оқиғасы – Нью-Йоркте Мыңжылдық сам-
мит болды. 2000 жылдың 8 қыркүйегінде қабылданған БҰҰ-ның мыңжыл-
дық декларациясында этномәдени көпқырлылық – адамзаттың аса құнды 
жетістігі, сондықтан әлемдік мәдениетті және барлық өркениеттер арасын-
дағы диалогты белсенді түрде ынталандыру керегі атап көрсетілген.
Мыңжылдық саммитінде айтылған жайттың бәрі мен үшін жас кезімнен 
аксиома болатын. Мен кішісі де, үлкені де бар әр істің нәтижесі келісім мен 
өзара түсіністікке байланысты екенін жақсы білетінмін.
Дегенмен жаһанда келісімнің нағыз жетілдірілген үлгісін қай жер-
ден көруге болады? Ғасырлар тоғысында оны ешкім білмейтін. Әлем қа-
уіпсіздікке төнген қатермен, экстремизмнің және терроризмнің өсуімен жиі 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
257
бетпе-бет кездесіп жататын. Мен өз кітабымда осы кезеңді тереңінен ой-
ластырып, оны «Сындарлы он жыл» деп атадым. 
Жаһандық тәжірибені жан-жақты талдау барысында бір нәрсеге анық 
көзім жетті: адамзат этносаралық келісімнің әмбебап формуласын әзірге 
таба алмапты, сондықтан 2002 жылдың қарашасындағы ҚХА-ның ІІ сессия-
сында барлық елдер үшін қолайлы, мүлдем дау тудырмайтын ұлтаралық 
қарым-қатынасты үйлестірудің формуласы жоғын еске салдым. Этностық 
және тарихи-мәдени ерекшелігіне орай, әр елдің ұлтаралық проблема-
ларды шешуде өз ұстанымы болуы керек.
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында дәл осындай өз ұстанымын та-
уып, әлемге өз стратегиясын көрсетті, ұлтаралық келісімнің өзіне ғана тән 
іскерлік үлгісін жасады.
Әрине, мұндай үлгіні жасау уақыт, тұрақты күш-жігер мен ересен ең-
бекті талап етті, алайда нәтиже сол еңбекке татитын: қиын жағдайда біз 
байырғы қазақ жерінде тіршілік етіп жатқан барлық азаматтар мен этнос-
тардың патриотизміне және азаматтық жауапкершілігіне өзара түсіністігі 
мен толеранттылығына негізделген айрықша үлгі жасап шығардық. 2003 
жылдың желтоқсанындағы ҚХА-ның Х сессиясында мен оны этносаралық 
келісімнің қазақстандық үлгісі есебінде атап көрсеттім.
2008 жылы біздің ұлттық саясатымыз құрылған мынадай 5 базалық қағи-
датты қалыптастырдым: 1. Этностық, конфессиялық, мәдени, тілдік әртектілік 
біздің басты байлығымыз саналады. 2. Мемлекет мақсатты түрде Қазақстан-
дағы мәдениеттер мен тілдердің дамуына қажетті барлық жағдайды жасайды. 
3. Ұлттың ең маңызды құндылықтары – толеранттылық пен жауапкершілік. 4. 
Қоғамдағы ұйыстырушы рөл қазақтарға тиесілі. 5. Қазақ халқының бірлігі.
Бақытқа орай, Қазақстан елеулі қателіктерге жол берген жоқ. Біз 
тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап халықты біріктіруге және этносаралық 
келісімге мұқият назар аудардық.
Бізге этностық және конфессиялық сипатына қарамастан, қазақстан-
дықтардың нақты тең құқықтылығын заңмен бекітудің және қамтамасыз 
етудің сәті түсті. Осылайша «ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген әре-
кет конституцияға қарсы деп есептеледі» деп көрсетілген конституциялық 
қағидаттың сөзсіз орындалуына қол жеткіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет