НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет143/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

ҚХА: конституциялық мәртебе алу
1990 жылдың ортасынан бастап елде өз мазмұнына сәйкес жаңашыл бо-
лып есептелетін қоғамдық-саяси құрылым, жалпыұлттық саясаттың, этноса-


258
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ралық үйлесім мен диалогтың басты форумы – Қазақстан халықтары Ассам-
блеясы жұмыс істеді. Осынау өзекті диалогта және барлық этностық салада 
орталық, ұлтты ұйыстырушы мәртебесін қазақ халқы иеленуі заңды да. 
Мен 2000-шы жылдардың басынан бастап, Ассамблеяға конституция-
лық мәртебе беруге бекідім және оның уақыты конституциялық реформа-
мен бір кезеңде келуі де қисынды еді.
Осы мәселеге байланысты қоғамдық пікірталастарда әртүрлі пікір-
лер айтылатын. Экономикалық өсім жағдайында кейбір сарапшылар 
этносаралық тақырып жабылды, ҚХА өз міндетін орындады және енді 
«құрметті демалысқа» кетуге болады деп есептеді. Алайда мен «ұлттың 
жойылуы», «этностардың ассимиляциясы» туралы тұжырымдар кей-
бір жаңа үлгідегі теоретиктердің қиялы екенін жақсы түсіндім. Шынайы 
ахуал жаһандық және аймақтық тұрғыда әртүрлі болады. Ұлттық саясат 
тұрақты да прагматикалық жұмысты талап етеді. Біз тура осы бағытта 
жұмыс істедік.
Ағымдағы саясат тұрақты диалогтар, елдегі барлық этностық және кон-
фессиялық топтар арасындағы өзара сенімді қарым-қатынастар негізінде 
құрылды.
Елдегі Негізгі заң реформасынан соң Қазақстан халықтары Ассамблея-
сының мәртебесі конституциялық деңгейге дейін көтерілді.
2007 жылдың 20 тамызы ҚХА үшін ерекше күн болды. Сол күні Ассам-
блея тұңғыш рет Парламент Мәжілісіне 9 депутатын сайлады. ҚХА-дан 
сайланған депутаттардың басынан бастап Ассамблеяның мүддесін елдегі 
барлық этностардың мүдделерінің жиынтығы ретінде қабылдауы маңыз-
ды болатын. Оның үстіне Сенаттағы алты президенттік квота да ҚХА-мен 
келіскеннен кейін тағайындалатын болды.
Бұрын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы деп аталатын бірлестіктің 
2007 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы деп аталуы қазақстан-
дық этностар бірлігінің символдық көрсеткіші болды. Бірігу жүзеге асты.
2000 жылдары қазақстандық этностардың мәдени ерекшеліктерін 
сақтауға қажетті қадамдар жасалды. Дамыған этномәдени инфрақұрылым 
құрылды. Тек 2006–2008 жылдары ғана этностық саланы дамытуға 1,3 мил-
лиард теңге қаржы бөлінді, ол 1998–2000 жылдардағыдан он есе көп бо-
латын. Азаматтық қоғамның маңызды секторы саналатын этномәдени бір-
лестіктер саны 300-ден 800-ге дейін өсті.
Осылайша, менің 2007 жылдың тамызындағы ҚХА-ның ХІІІ сессиясын-
да «бүкіл әлемді тұрақсыздық, жанжалдар, терактілер мазалап жатқанда 
Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құруда. Бұл – ұлы құн-


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
259
дылық және Қазақстанның бұл орайда бүкіл әлемге үлгі көрсетіп отырға-
нын мақтаныш етемін» деуіме толық негіз қаланды. 
Сондай-ақ 2007 жылдың тамызында ҚХА туралы заңның шығуына бас-
тамашы болдым. Ассамблеяның конституциялық мәртебеге ие болуымен 
аталмыш мәселе пісіп-жетілген болатын. «Қазақстан халқы Ассамблеясы 
туралы» заң 2008 жылдың қазанында қабылданды. Осының бәрінің арқа-
сында ҚХА – елдегі саяси және қоғамдық өмірдің толыққанды субъектісі 
болды. 
Біздің ашық, жалғастық әрекеттеріміз бен халықтың қолдауының арқа-
сында құрылған жалпыұлттық келісімнің қазақстандық үлгісі жұмыс істеді 
және дамыды. Жаңа ғасырдың басында этносаралық және конфессияара-
лық келісімнің қазақстандық үлгісі әлемнің көптеген елдері үшін тартымды 
әрі пайдалы бола алатын қазақстандық жаңалық деп танылды.
2002 жылдың қазанында БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Қазақстан-
ды әлемнің басқа елдері үшін тұрақтылық пен дамудың үлгісі деп атады. 
Соңынан мұндай бағалаулар бірнеше рет айтылды. БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа-
лық Кеңес сияқты шешуші халықаралық ұйымдар қазақстандық үлгінің құн-
дылығын мойындап, оның тиімділігін жоғары бағалады. Сыни онжылдық 
– Қазақстан халқы үшін жалпыұлттық бірліктің, келісім мен дамудың он-
жылдығы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет