Қарулы күштер: одан әрі жаңғырту
2010-шы жылдардың алғашқы жартысында біздің Қарулы күштер жыл
сайын далалық жағдайда жедел және әскери дайындық бойынша 250-ден
аса іс-шара өткізді.
Барлық қиындықтарға қарамастан, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан-
ның қорғаныс бюджеті үнемі өсіп отырды: егер 1993 жылы 8 миллиард тең-
гені құраса, ал 2015 жылы – 390 миллиард теңгеден асты. Жалпы алғанда, 2015–
2017 жылдары әскери шығындарға 1,3 триллион теңге бөлу жоспарланған.
2013 жылы 7 мамырда Отан қорғаушылардың күніне орай, Қарулы
күштер тарихында бірінші рет «Отар» әскери базасында әскери шеру өтті.
Шеруге жеті мыңнан аса әскери қызметшілер, төрт жүзден аса әскери тех-
ника, сексеннен аса ұшақ пен тікұшақ қатысты. Әскери шерудің дәстүрлі
шеруден өзгешелігі – әскери дайындықты және қару мен техниканы қалай
пайдалануды көрсету еді.
2014 жылдың шілде айында әскери ғылымды дамыту үшін жағдай туғы-
зуды көздеп және кәсіби кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында
Астанада Ұлттық қорғаныс университеті ашылды.
2015 жылғы мамыр айында мен қорғаныс күштерін жаңғырту бойынша
жиналыс өткіздім, онда әскери дайындықтың жоғары тиімділігін арттыру,
күштік құрылымдардың үйлесімділігін және олардың халықаралық деңгей-
дегі қарым-қатынасын жетілдіру туралы міндеттер жүктедім.
Қазақстандық әскер 2010-шы жылдары жоғары әлемдік санатты жетістік-
терімен жаңғыртылды және қайта қаруланды. Еліміздің әскери-өндірістік ке-
шені тікұшақтарды құрастыру, әскери оптиканы, радиолокациялық және ра-
диоэлектрондық қорғаныс жүйесін жүзеге асырды, әуе броньды техниканы
жөндеуді жолға қойды. 2012 жылы мамырда ресейліктермен бірлесе отырып,
Орал верфінде құрастырылған «Қазақстан» ракеталық-артиллериялык ке-
месі суға түсірілді. 2014 жылдан бастап «Paramount Group» (ОАР) компания-
сымен бірлесе әлемдік деңгейдегі «Арлан», «Номад», «Барыс» броньдалған
доңғалақты машиналар өндірісі қолға алынды. Жаңғыру барысында әуе тех-
никасына, танк және әскери-теңіз күштеріне баса назар аударылды.
378
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2016 жылдың сәуірінде Алматы облысында Әскери дайындық орталығы
базасында Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің арнайы мақсаттағы
бөлімшелерінің қатысуымен «Қайсар-2016» лаңкестікке қарсы жаттығулар
өткізілді. 2016–2017 жылдары тамыз айларында Жамбыл облысындағы
«Гвардейский» полигонында ІІ және ІІІ Халықаралық әскери ойындар шең-
берінде бірқатар байқаулар өткізілді. 2016 жылы Әскери ойындарда 19 ел-
дің арасында Қазақстан екінші командалық орынды иеленді. Ал 2017 жылы
– 28-дің ішінде үшінші орыннан көрінді. Екі жыл қатарынан қазақстандық
әскерилер «Мергендік межесі» және «Артиллериялық оттың алаугерлері»
байқауларында бірінші орын алып, сондай-ақ «Танкілер биатлоны» да
жүлделі орындарға ие болды.
2017 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне
25 жыл толды. Осы салтанатты оқиғаға орай, Астанада Тәуелсіздік жылда-
рындағы ең көлемді әскери шеру өткізілді, оған бес мың әскери қызмет-
шілер, төрт жүз дана әскери техника және жетпіс ұшақтар мен тікұшақтар
қатыстырылды. 2016–2017 жылдары әскери арсеналды толықтырған жаңа
қару түрлері де көрсетілді.
Мерекелік шеруде мен біздің еліміздің бітімгершілік ниетін былайша
жеткіздім: «Біз барлық көршілерімізбен татумыз және «Бір ғана бейбіт
келісім жүз жеңістен артық» деген дана өсиетті есте ұстаймыз». Бұл ретте
мен, Қарулы күштер әрдайым Тәуелсіздіктің басты тірегі болып қала бе-
ретінін ерекше атап көрсеттім.
2017 жылдың қыркүйегінде кең көлемдегі «Қаратау-2017» стратегиялық
жаттығулары өтті. Бірнеше бағыттағы әскерлерге қолбасшылық жасау, сон-
дай-ақ армиялық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды.
Біздің армия ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетінің сенімді кепілі
болды. Бұл тұрғыда мемлекет барлық қажеттіліктер үшін қолдан келгеннің
бәрін де жасайды. Жауынгерлік кезекшілікке әскери техникалардың жаңа
түрлері келіп қосылды, таяу жылдары қаруланудың 70%-і жаңартылады.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, біздің еліміздің Қарулы күштері
жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы үздіктер санатында. Әскери қуат-
тың жаһандық индексі (GFP) бойынша 2017 жылы Қазақстанның Қарулы
күштері 2016 жылғы 66-позициядан 53-позицияға көтерілді.
Біз тұтастай алғанда армиямызды, өзге де әскери құрамалар мен ар-
найы бөлімдерді жаңғыру мен дамудың жаңа кезеңіне шығара алдық. Бұл
– Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі барлық офицерлер мен
әскери қызметшілердің ерен еңбегі.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
379
Достарыңызбен бөлісу: |