НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет202/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

5. 
ЖАҢА
 
ЭКОНОМИКАҒА
 
БАТЫЛ
 
ҰМТЫЛЫС
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
 
САЯСАТ

ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ
 
БЕСЖЫЛДЫҚТАРЫ
...
Жаңа индустриаландыру: 
алғашқы бесжылдықтың басты нәтижелері 
Е
кі мың елу стратегиясында ұлттық экономиканың келбетін өзгерту, оны 
шикізаттың әлемдік бағасының ауытқуынан тәуелсіз ету міндеттерін 
қойдым. Нақ осы міндетке 2010 жылы басталған және бесжылдық инди-
кативті жоспарлауда Қазақстанды көшбасшы ретінде айқындаған үдемелі 
индустриаландыру бағдарламасы бағытталды.
Индустриаландырудың алғашқы жылы нақты нәтижелерін берді. 2011 
жылғы қаңтардағы Жолдауымда Қазақстанда 152 кәсіпорын пайдалануға 
берілгенін, 24 мың қазақстандықтың тұрақты жұмыспен қамтылғанын 
атап өттім. Химия өнеркәсібін және жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтіру 
мен дамыту үдерісі белсенді түрде жүргізілді, ауыл шаруашылығы өнім-
дерін өңдеуде ілгерілеу байқалды. 2014 жылға дейін құны 8 триллион 
теңгеден асатын 300 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 160 – тұрақты 
және құрылыс кезеңінде 200 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспар-
ланды. Бірінші индустриаландыру бесжылдығының ең басты қорытынды-
сы – экономикадағы маңызды құрылымдық, әсіресе, нақты сектор есебі-
нен болған өзгерістер. 
2011 жылдан бастап Индустриаландыру күндерін өткізу дәстүрге айнал-
ды. Жылына екі рет – шілде мен желтоқсанда – индустриялық даму бағдар-
ламасының қорытындылары шығарылады, жалпыұлттық телекөпір форма-
ты бойынша аймақтардың есебі тыңдалып, жобаларының тұсауы кесіледі, 
жаңа өндіріс ошақтары іске қосылады.
Алғашқы Индустриаландыру күнінде, 2011 жылы 9 желтоқсанда Астана 
қаласындағы «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын өндіру зауыты-
ның, Алматыдағы метрополитеннің, Балқаштағы «Сары қазына» катодты 
мыс зауытының, Жамбыл облысындағы «Супер Фарм» медицина бұйымда-
ры зауытының, Семей тері-былғары комбинатының, Алматы облысында 
«Байсерке Агро» ет өңдеу кешенінің, «Шымкент-Кашемир» тоқыма өн-


380
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
дірісінің тұсаукесері өтті. Сондай-ақ Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС-і, «Жеті-
ген-Қорғас» және «Өзен – Түрікменстан шекарасы» темір жол желілері іске 
қосылды, ал Жамбыл облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагис-
тралінің жобасы ұсынылды. 
Алғашқы бесжылдықтың экваторы 2012 жылдың шілдесінде игерілді. 
Жаңа Медиа-орталықта жалпыұлттық телекөпір өтті, индустриаландыру 
картасының нысандары пайдалануға берілді. Ұлттық цифрлы телерадио 
хабарларын тарату желілері және отандық телеөнімдер шығаруды көзде-
ген жаңа қазақстандық «24.kz» телеарнасы іске қосылды. 
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екі жа-
рым жылында құны 1,8 триллион теңге тұратын 440-тан астам нысан қа-
тарға қосылды. Алайда кәсіпорындардың барлығы бірдей толық көлемде 
іске қосылған жоқ. Кейбіреулер үшін ең бастысы әдемі есеп беру болды: 
лента қиылса болды, қалғанын ұмытады. Менің қойған талабым – әкімдік-
тер жобалардың бастапқы кезеңінен бастап қана емес, олардың толық 
қуатпен іске қосылуына дейін жәрдемдесуі тиіс. 
Жоғары қосымша құнды және экспортқа шығатын өндірісті ерекше қа-
дағалау қажеттігіне баса назар аудардым. Технологиялық дамудың жаһан-
дық перспективаларын ескере отырып, 2012 жылдан бастап келесі бесжыл-
дыққа дайындалу қажет болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет