НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет248/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасы
стратегиялық әріптестікті тереңдету 
2010-шы жылдары АҚШ-пен стратегиялық әріптестікте болу – Қазақстан 
үшін бұрынғыдай негізгі басымдықтардың бірі болып қала берді. Екіжақты 
ынтымақтастық 2012 жылғы наурыз айында Сеулде өткен Ядролық қа-
уіпсіздік саммитінде, 2013 жылдың қыркүйегінде Санкт-Петербургтегі «Үл-
кен жиырмалық» саммитінде, 2014 жылғы наурыз айында Гага қаласында 
өткен Ядролық қауіпсіздік саммитінде АҚШ президенті Б. Обамамен жүргіз-
ген келісімдерінің нәтижелерімен айқындалды. Ядролық қаруды таратпау, 
энергетика, сауда және инвестиция, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, 
халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, лаңкестікпен және есірткі тасыма-
лымен күрес сфераларындағы бірлескен іс-қимыл шаралары айрықша 
мәнге ие болды. 
2012 жылғы Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімдерге тың серпіліс 
әкелген оқиға – стратегиялық әріптестік жөніндегі екіжақты комиссияның 
құрылуы болды. Сол жылы АҚШ-тың көмегімен Ауғанстанға көмек берудің 
БҰҰ-ның алматылық хаб-орталығын құру туралы шешім қабылданды. 2014 


460
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жылы Ауғанстаннан негізгі халықаралық күштердің шығарылуы назарға 
алына отырып, Қазақстан коалиция әскерлерінің Солтүстік желісі бойынша 
шығарылу жұмыстарына қатысты. 
Ынтымақтастықтың жарқын үлгісінің бірі – Семей полигоны бойынша 
жүргізілген іс-шаралар. Ядролық қауіпсіздік саммитін ұйымдастыруда по-
лигондағы жұмыс барысы туралы Қазақстан Президенті АҚШ және Ресей 
президенттерімен бірнеше рет талқылау өткізді. Нәтижесінде – полигонды 
радиоактивті материалдардан тазарту мәселесі шешілді. Менің ұсынысым-
мен 2012 жылы 27 наурызда үш елдің – Қазақстан, АҚШ, Ресей – прези-
денттері Семей полигоны туралы мәлімдеме жасадық. 
«Біз полигондағы ядролық материалдардың барынша қауіпсіздігіне қол 
жеткізе алдық», – деді президент Б. Обама. Ресей президенті Д.А. Мед-
ведев те: «Семей полигонының зардаптарын жою – ынтымақтастықтың 
жарқын үлгісі», – деді. 
Семей полигоны бойынша мәміленің соңы үш президенттің қол алы-
суымен аяқталғаны символдық сипатқа ие болды. Мұндай дәрежеге жету 
үшін қыруар еңбек жұмсалғанын жақсы түсіндім. Семей полигонындағы 
жұмыстардың аяқталғанының белгісі – үш тілдегі мемориал тақта болды. 
Онда: «1996–2012»: әлем қауіпсіздеу бола түсті» деген сөздер жазылған. 
Бұл – кездейсоқ оқиға емес-ті. 
Осындай қарым-қатынастардың жаңа сапалық деңгейі президент 
Б. Обаманың 2013 жылы 21 маусымда менің атыма жолданған хатынан 
көрінді. Хатта: «АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік 
туралы диалог келешекке бірге көз тігудің және қазіргі замандағы сын-қа-
терлерді шешуде табандылық танытудың айғағы» делінген. АҚШ пре-
зиденті біздің ядролық қауіпсіздік сферасындағы көшбасшылығымызға 
ризашылық білдіріп, Иран ядролық бағдарламасы бойынша «5+1» форма-
тындағы келіссөздерді ұйымдастырудағы күш-жігерімізді жоғары бағалады. 
Америка президенті Астананың саяси және экономикалық жаңғыру, соның 
ішінде ДСҰ-ға кіру мәселелерінде Вашингтоның тегеурінді қолдауына ие 
болатынына сендірді. 
2015 жылы қыркүйек айында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблея-
сының 70-сессиясында президент Б. Обамамен арадағы келісімдер 
Қазақстан-Америка ынтымақтастығына жаңа серпін әкелді. Біз сауда-
экономикалық, инвестициялық және отын-энергетика салаларындағы 
ынтымақтастық туралы талқылап, күн тәртібінде тұрған өткір халықаралық 
мәселелер тұрғысындағы пікір алыстық. АҚШ Қазақстанда Аз байытылған 
уран банкін (МАГАТЭ) құруда көмек көрсетті. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
461
2015 жылдың маусым айында Астана қаласында І Қазақстан – Америка 
бизнес форумы өтті. Бұл шараға ең ірі жиырма америкалық компания қа-
тысты. 2015 жылы Қазақстанға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Дж. Керри 
ресми сапармен келді. Америка тарапы бұл жолы да Қазақстанның ядро-
лық қаруды таратпау сферасына қосқан үлесін жоғары бағалап, қазақстан-
дық бастамаларға қолдау білдірді. 
Ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік сферасындағы ынты-
мақтастық туралы 2016 жылғы наурыз айында жарияланған Бірлескен 
мәлімдеме стратегиялық әріптестіктің маңызды элементіне айналды. 
АҚШ Жапонияның көмегімен Қазақстандағы Алматы облысында ядро-
лық қауіпсіздік бойынша оқу орталығын құруды қолдады. Мұнда бола-
шақта ядролық материалдарды қорғау жөнінде тренингтер өткізілетін 
болады. 
2017 жылдың мамыр айында Сауд Арабиясында өткен «АҚШ-Ислам 
әлемі» саммитінің аясында менің 2016 жылдың аяғында сайланған АҚШ 
президенті Д.Трамппен келіссөздерім өтті. Біз екі ел арасындағы одан әрі 
ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен перспективаларын талқыладық. 
2010-шы жылдардың жемісі Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы 
өңірлік әрі жаһандық тұрғыдағы мәселелер бойынша да тұрақты, сенімді 
әріптесі екенін растап берді. Қазақстан-Америка стратегиялық әріптестіктің 
жоғары деңгейі – Қазақстан мен АҚШ президенттерінің бірлескен күш-жі-
герінің жемісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет