НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы



Pdf көрінісі
бет247/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы
жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі 
Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасымен арадағы стра-
тегиялық әріптестіктің дамуына қашанда зор маңыз беріп келеді. Мен қай 


456
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
кезде де «Біздің елдеріміздің ғасырлар бойы көрші, сондықтан алдағы 
уақытта да маңызды стратегиялық әріптестер болып қала беретіні даусыз» 
деген көзқарасты ұстандым. 
2012 жылы Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қатынастар-
дың орнағанына 20 жыл толды. 2011 жылы, осы мерейлі күнді атап өтер 
қарсаңда, жоғары деңгейдегі екі кездесу болды. 
2011 жылы ақпанда мен Қытай Халық Республикасына ресми сапармен 
бардым, ал маусым айында – ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға 
ресми сапары жүзеге асты, нәтижесінде – Жан-жақты стратегиялық әріп-
тестік туралы Бірлескен декларацияға қол қойылды. 
Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 
орнатылған уақыттан бері тұтас дәуір өткендей – өзара байланыстар мен 
сенім деңгейі өлшеусіз өсті. Біз Қытай Халық Республикасымен өзара қа-
рым-қатынасты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы күндері-
нен-ақ бастадық. Содан бері біз тату көршілерге айналдық, сенімді дос-
тар болдық, экономикалық және саяси жағынан конструктивті әріптестер 
ретінде ұзақ жолдан өттік. 
2010-шы жылдары Қазақстанның алып Қытай елімен диалогты дамытуы, 
сөз жоқ, үлкен жетістік еді. Екі ел арасында әрдайым тиімді саяси келісім-
дер биік деңгейде жүргізілді, жоғары сенімділік, тату көршілік және өзара 
түсінісушілік қалыптасып, нығая түсті. 
2013 жылдың наурызында ҚХР-дың Төрағасы болып Си Цзиньпин 
сайланды. Жаңа кезеңдегі қарым-қатынастың нығаюына 2013 жылы 
сәуір айында менің Қытайға ресми сапарым мен ҚХР Төрағасының сол 
жылы қыркүйек айындағы жауапты ресми сапары маңызды рөл атқарға-
ны сөзсіз. 30 миллиард долларға келісімшарт жасалып, қол қойылды. Си 
Цзиньпин өзінің баспасөздегі сұхбатында: «Қытайлық-қазақстандық қа-
рым-қатынастар бұрын болмаған жоғары деңгейге көтерілді», – деп атап 
көрсетті. Мұны алға қойылған зор мақсат – сауда айналымын 40 милли-
ард долларға дейін арттыру айғақтап тұр. 
Қытай Халық Республикасының Төрағасы: «Қазақстан – ұзақ жолдан 
өтті. Президент Н.Назарбаевтың арқасында екі ел арасындағы әріптестік-
тің берік іргетасы қаланды. Көптеген жылдар бойы Президент Назарбаев 
біздің елдеріміз арасындағы достықтың нығаюына мол еңбек сіңірді. Қа-
зақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа баға жетпес үлес қосқан 
Нұрсұлтан Назарбаевты Қытайда жақсы біледі және айрықша құрметтейді», 
– деп атап өтті. Мен Қытай көшбасшысының бұл сөздерін – менің еліме, 
бүкіл Қазақстан халқына деген құрмет деп бағалаймын.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
457
2014 жылы наурызда Бейжің қаласындағы «Чаоян» саябағында қа-
зақтың ұлы ойшылы әрі ақыны Абай Құнанбаевқа ескерткіш-бюст орна-
тылды, авторы – мүсінші Юань Сикун. 
2014–2015 жылдары мен Төраға Си Цзиньпинмен оннан аса кездесу 
өткіздім. Бұл – дер кезінде ынтымақтастық арналарын белгілеп алуға және 
халықаралық мәселелер бойынша келісіп отыруға мүмкіндік жасады. 
2014 жылдың мамыр айында ҚХР-ға мемлекеттік сапармен бардым. 
Саяси көшбасшылардың конструктивті ұстанымдарының арқасында «Жі-
бек жолының экономикалық белдеуі» ұсынысына «Нұрлы жол» бағдар-
ламасын ұластыру мақсатындағы жұмыстар басталып кетті, бірінші кезек-
те назарға алғанымыз – көлік, индустриаландыру, ауыл шаруашылығы 
өнімдерін Қытайға экспортқа шығару салалары. 
2014 жылы желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиын-
дағы менің: «Уақыт шежіресі бізді сан мың жылдық қытай тарихымен бай-
ланыстырады. Жылдан-жылға Қытай Халық Республикасымен достығымыз 
және стратегиялық әріптестігіміз нығайып келеді. Қазіргі таңда біз Ұлы Жі-
бек жолын жаңғыртып, ШЫҰ аймағын Еуразияның сауда көпіріне айналды-
рып жатырмыз», – деген сөзім кездейсоқ айтылмаған еді.
2015 жылдың 31 тамыз – 3 қыркүйек аралығындағы Қытайға сапарым 
айтулы оқиғалардың бірі болды. Мұнда Екінші дүниежүзілік соғыстағы 
Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шеруге қатыстым. Шеруге 
алғаш рет Қазақстан, Ресей, Беларусь, Пәкістан, Моңғолия, Венесуэла және 
өзге де елдердің әскери бөлімшелері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша біз Жан-жақты стратегиялық әріп-
тестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларация қабылдадық. Индус-
триалану мен инвестиция саласында келісімдер жасалды, Қазақстан-
да қырықтан аса бірлескен жоғары технологиялық өндіріс ошақтарын 
құруды қамтамасыз ететін 23 миллиард доллар көлеміндегі пакетке қол 
қойылды. Тап осы Бейжің қаласында 2015 жылы Қазақстан экономика-
сына инвестиция мен технология тарту бойынша менің дәстүрлі – биз-
нестің мәртебелі өкілдерімен «кешенді» кездесуім басталды. Осындай 
«алыптармен» кездесулер – Нью-Йорк, Дох, Лондон, Париж, Тегеран, 
Ыстанбұл, Санкт-Петербург қалаларында да өтті. 
Маған ҚКП ОК-нің жанындағы Орталық Партия мектебінде Қазақстан 
мен Қытай арасындағы перспективалы қарым-қатынас туралы дәріс оқуға 
мүмкіндік берілді. 2015 жылы Бейжің, Шанхай мен Даляндағы шет тілдер 
университетінде «Қазақстан орталықтары» ашылды. 


458
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан – Қытай газ құбыры ма-
гистралінің үшінші кезегі іске қосылды, бұл – Орталық Азия мен ҚХР 
арасындағы сенімді газ көпіріне айналды. 
Біздің ел – Жібек жолы экономикалық белдеуіндегі өзінің орналасуы 
жағынан бірінші және шешуші мәнге ие ел, Қытайдың Батысқа шығар гео-
экономикалық қақпасы. Қазақстандық учаскедегі жылына 30 миллион тон-
на жүк тасымалы жүзеге асырылатын Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомо-
биль күре жолдарының құрылысы біздің қосқан ірі үлесіміз болды. 
Қытайдан – Қазақстанға, одан әрі Ресейге, Еуропаға, сондай-ақ Орталық 
Азия мен Каспий аймағына темір жол контейнерлерімен жүк тасымалдау 
қарқынды дамып келеді. 2020 жылға қарай 500 мың контейнер тасымалдау 
көзделіп отыр. Каспийде қазақстандық теңіз айлақтары құрылды. Қорғас 
арқылы Қытаймен Орталық Азияның барлық мемлекеттері жалғасты. 2015 
жылы мен толық сеніммен: «Жаңа Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін 
учаскесі толығымен дайын деп айтуға болады», – дедім. 
ҚХР Төрағасының 2016 жылы қыркүйек айында ҚХР-да өткен G-20 сам-
митіне қатысуға шақыруының мәні зор болды. Бұл – әріптестеріміздің біздің 
еліміздің жаһандық қауымдастықтағы маңызын мойындау актісі болып та-
былады. Қазақстанның ұсынысы бойынша 2017 жыл – Қазақстандағы Қы-
тай туризмі жылы болып жарияланды. 
2017 жылдың 8 маусымында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға 
жасаған сапары барысында Жібек жолының экономикалық белдеуі мен 
«Нұрлы жол» бағдарламасын ұштастыру мәселесіне зор көңіл бөлінді. 
Сол күні біздер «Ляньюньган – Қорғас» контейнерлік жол қатынасын іске 
қостық.
6 маусым күні, ресми сапар қарсаңында, Си Цзиньпиннің «Қытай – Қа-
зақстан қарым-қатынасының қанатты армандары» атты мақаласының жа-
рық көруі қуантарлықтай жағдай болды. Мақалада Қытай – Қазақстан ын-
тымақтастығының келешек бағыттары кеңінен баяндалған. 
ҚХР басшысы: «Жиырма бес жыл бойы қазақ – қытай қарым-қатынаста-
рында талай қиын кезеңдер мен буырқанысқа толы халықаралық жағдай-
лардан өттік. Тату көршілік пен достықтан, сонан соң жан-жақты әріптестік-
тен ортақ мүдделер қоғамдастығына ұласқан тағдырлас елдердің екіжақты 
қарым-қатынасы қарқынды дамып, бұрын тарихта болмаған жоғары дең-
гейге көтерілді. Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара саяси сенім – күн-
нен-күнге нығайып келеді», – деп атап көрсетті. 
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин: «Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан 
бастап, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты, экономиканың динамикалық 
өсуін, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен бақыттылық көрсеткішін сақтай 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
459
алды. Ел қуаты артқан үстіне артып келеді, әлемнің бәсекеге аса қабілетті 
елу елінің қатарына енді. Бұл – шын мәніндегі «Қазақстанның ғажайып құ-
былысы».
«Қазіргі таңда Қазақстан, – деді Қытай жетекшісі, – үшінші жаңғыруға бет 
бұра отырып, «Нұрлы жол», «Қазақстан-2050» жаңа экономикалық саяса-
тын қарқынды жүргізіп келеді, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртуды да 
қызу қолға алды. Қазақстан халқы – ұлттың қайта өрлеуі мен елдің гүлде-
нуі жайлы қазақстандық арманды жүзеге асырудағы ұлы мақсатына қарай 
қарқынды қадаммен алға ұмтылуда. Қытай халқы да «екі жүзжылдық» мақ-
саттарының және қытай ұлтының ұлы қайта өрлеуі туралы қытайлық ар-
манының орындалуына қажымас күш-жігерін жұмсап келеді. Арман-мүд-
делері ортақ Қытай мен Қазақстан халықтары биік мақсаттарды бірлесе 
көздеп, олардың орындалуына да жұмыла атсалысады». Си Цзиньпин өз 
мақаласын: «Біздің бәріміз де ұлы армандарымызға айнымастай адалмыз 
және жаңа қытай-қазақ қарым-қатынастарының кең қанат жаюына тікелей 
ықпал ететінімізге кәміл сенемін», – деп түйіндеді.
Төраға Си Цзиньпинмен жүйелі әрі сенімді қарым-қатынастардың арқа-
сында Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара байланыс сапалы да жан-
жақты стратегиялық әріптестік тұрғысында дамыды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет