1999 жылғы Президент сайлауы. Халық аманаты 1998 жылдың 7 қазанында Конституцияға түзетулер енгізілгеннен кей-
ін, «кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруда халық қолдауына сүй-
ену», сонымен қатар «демократияландыру бағдарламасын жүзеге асыру
үшін Мемлекет басшысынан бастап – бәріміз жұмылуымыз қажеттігін» айта
келіп, Парламент маған мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныс
жасады.
8 қазанда, қалыптасқан жағдайды ақылға сала отырып, өзімнің өкілеттік
мерзімімді қысқартып (2000 жылдың желтоқсанында аяқталатын), мерзімі-
нен бұрын Президент сайлауын өткізуге келісімімді бердім.
Сайлау 1999 жылдың 10 қаңтарында өтті. Оған коммунистер көшбасшы-
сы Серікболсын Әбділдин, жазушы әрі қоғам қайраткері Энгельс Ғаббасов
және Кеден комитетінің төрағасы Ғани Қасымов қатысты. Алдын ала сауал-
нама мәліметтері бойынша, мен өз қарсыластарыма қарағанда көп дауыс
жинаппын. Сайлаудың түпкілікті нәтижелері де мұны растады. Нұрсұлтан
Назарбаев – 81,75 процент дауыс, Серікболсын Әбділдин – 12,08 процент,
Ғани Қасымов – 4,72 процент, Энгельс Ғаббасов 0,78 процент дауыс жинады.
Бұл жеңіс экономиканы жаңғыртуға, әл-ауқатты арттыруға және саяси
тұрақтылықты, жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған ішкі
және сыртқы саясатымыздың дұрыстығын растады. Президент мандатын
жаңа мерзімге соза отырып, қазақстандықтар тәуелсіздіктің жаңа кезеңін-
де елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын сақтау жо-
лындағы стратегиялық қадамдарымызға қолдау білдірді.
Іріткі салушы күштердің Қазақстан қоғамына жік салу пиғылы іске ас-
пады. Ұлттық мәселелерге байланысты кейбір қиындықтарды саяси мақ-
сатқа пайдаланбақ ниетінен де ештеңе өнбеді. Біз Қазақстанның көп ұлтты
халқының басын қоса білдік. Сайлау қорытындысы осыны көрсетті.
1999 жылдың 10 қаңтарындағы Президент сайлауы еліміздің тарихын-
дағы баламалы негізде өткен тұңғыш сайлау болды. Сайлау саяси жүйені
демократияландырудың біртұтас тізбегін түйіндеген маңызды саяси оқиғаға
айналды.
Бір жағынан, радикалды реформалар жүргізу керек, екінші жағынан,
елдегі саяси тұрақтылық пен келісімді сақтай білу керек. Демократиялық
жаңғыру жолындағы Қазақстан үшін өте күрделі мәселе осы еді. Біз мұны
таразы басын тең ұстай отырып шешудің жолын таптық. Тоталитарлық жүйе
қыспағынан күні кеше ғана шыққан елдің саясаттағы жаңа қадамдары дәл
осындай жағдайлармен бетпе-бет келген әлемнің дамушы елдері үшін үлгі
болды.