ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
145
ел өкіметінің бәріне бірдей шамасы жетпейтінін, өтпелі кезеңнің объективті
қиындықтары бар екенін, сол себепті қайсыбір жағдаяттарға төзімділік та-
ныту керектігін ұғындыруға тырыстым.
1999 жылға қарай зейнетақы мен жәрдемақыны
кешіктірмей төлеу
мәселесі толық шешілді. Қалаларда жылу, жарық пен суды тоқтаусыз беру
жолға қойылды. Экономика мен бюджет қорының өсуінің арқасында мем-
лекет белсенді әлеуметтік саясатты қайта қолға алуына мүмкіндік алды.
1998 жылдың қаңтар айында менің бастамаммен, сол кезде халықтың
басым бөлігін құраған күнкөрісі төмен азаматтарды қолдайтын жалпыұлт-
тық қор құрылды. Жұмыс істеген алғашқы жылдары қор 1 миллиард теңге
жинап, тұрмысы төмен 250 мың қазақстандыққа қолдау көрсетті.
1990-шы жылдардың екінші жартысында жалақы мен зейнетақы ұдайы
өсіп отырды. 1999 жылы Қазақстандағы орташа жалақы долларға шаққанда
90 АҚШ долларын құрады. Бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы ең
жоғары көрсеткіш болатын. Осының арқасында қазақстандықтардың кірісі
оларға қаражат жинауға мүмкіндік тудырды. Егер 1996 жылы қазақстандық
банктердегі азаматтардың есепшотында 11
миллиард теңге болса, 1999
жылы ол 28 миллиардтан асты.
Дағдарысқа қарсы шаралардың толық кешенін жүзеге асыру нәтиже-
сінде дәл осы кезде ұлттық экономиканың нағыз өрлеу кезеңі басталып,
ол бірден елдің көңіл күйіне әсер етті. Реформалардың ұзақ күткен жемісі
соңғы он жыл бойы жиналған әлеуметтік қажудан арылуға көмектесті.
Бұқара халық өз күші мен алда тұрған кез келген кедергіні еңсере алатын
қабілетінің бар екеніне көзі жетті.
Сол кезді еске ала отырып, үнемі ойлаймын: қазір ғой біз мұны
жеңіл-желпі
айтып отырмыз, ал ол кезде мұның бәрі дәл мен үшін қанша-
ма уайым болды. Арасында қызықты жайттар да кездесті, әрине. Солар-
дың бірі – халықтан банкке қаражат тарту науқаны кезінде болған оқиға
еді. Сол кездегі Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко маған көптің
көзінше, егер науқанның көздегені іске асып жатса, өзінің әдемі сақалын
қырып тастауға уәде берді. Ол үшін екінші деңгейлі банктегі жеке тұлғалар-
дың жинаған қаржысы 1 миллиард АҚШ долларына жетуі керек-тін. Григо-
рий Марченконың мәлімдемесі, әсіресе БАҚ өкілдерінің «оң жамбасына»
келе кетті. Журналистер мен экономистердің дені «Марченконың сақалсыз
жүрген күні жоқ» деп жазып жатты. Бірақ, екі жылдан кейін, дәлірек айт-
сақ, 2001 жылдың 7 қыркүйегі күні ол баспасөз мәслихатына, қайсыбір БАҚ
өкілдері жазғанындай, «өмірі алынбайтын баяғы сақал-мұрты жоқ, жап-
жас күйінде» келіп, жеке тұлғалардан жиналған қаржы 1,116 миллиард АҚШ
долларына жеткенін мәлімдеді.