НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет92/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Үздік 50 елдің қатарына жол ашық: 
2006 және 2007 жылғы Жолдаулар
Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену мақсаты ең алғаш 2006 жылғы 
11 қаңтар күні Ақордадағы жаңа резиденцияда өткен Президент инаугура-
циясында жалпақ жұртқа жария етілген болатын. Осы салтанатты рәсімде 
сөйлеген сөзімде мен көптен көкейде жүрген ойымды – алдағы онжыл-
дықта Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекетінің 
қатарына қосу туралы мақсатым барын жайып салдым.
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатары-
на кіру стратегиясы» атты Жолдауым 2006 жылы реформаларға тың серпін 
берді. Онда мен негізгі күшті халықаралық маңыздағы «серпінді» жобалар-
ды жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту, аймақтық және ха-
лықаралық экономикалық бірлестіктер жұмысына белсене қатысу арқылы 
халықаралық экономикаға кірігу, көлік инфрақұрылымын дамыту секілді 
маңызды бағыттарға жұмылдыруды ұсынған болатынмын. 
Осы стратегия шеңберінде мемлекет бизнеске мықтап қолдау көрсете 
бастаған маңызды секторлар анықталды. Олардың ішінде құрылыс, шағын 
бизнесті несиелеу, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қа-
уіпсіздігі сияқты салалар бар. Бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен ша-
мамен 550 миллиардтай теңге бөлінді. Сонымен бірге, әлемдік нарықта 
бәсекеге қабілетті бола алатын серпінді жобаларға айрықша маңыз беру 
міндеттелді. Енді біз экспортқа шығарылатын дайын өнімдер жасауға негіз-
делген өндірістер ашуға және дамытуға сенім артуымыз қажет, сондықтан 
Үкіметке ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін қолдаудың нақты бағдар-
ламасын түзіп, қабылдау тапсырылды. Осылайша, бәсекелік қабілетті арт-
тыру тренді іске қосылды.
Озық елу елдің қатарына ену жобасына жаңа әрі нақты сипат бере 
түскен «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (2007 жылдың 28 ақпаны) атты 
Жолдау болды. Мұнда мен экономикалық өсімді басқара білу, жаһандық 
экономикаға толыққанды қатысу, өндіруші сектордың тиімділігін арттыру
шикізаттық емес салаларды дамыту, «парасатты экономиканы» қалыпта-


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
183
стыру, әкімшілік реформа, әлемдік қоғамдастықта Қазақстанды ілгері бас-
тыру секілді басым міндеттерді алға қойдым. Мұның бәрі сол кездің өзінде 
көп мәселеде көршілердің алдына шығып үлгерген Қазақстанды экономи-
калық дамудың аймақтық локомотивіне айналдыруға ғана емес, әлемдік 
экономиканың табысты ойыншысы етуге де мүмкіндік беретін.
Бұған қоса, қазақстандықтар өз тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған 
кешенді шаралардан да хабардар болды. Соның ішінде 2008 жылдың қаңта-
рынан бастап сәби дүниеге келгенде және ол бір жасқа толғанша күтіміне 
берілетін жәрдемақының, сондай-ақ негізгі зейнетақының жыл сайынғы ин-
декстеу бойынша өскені жұртшылық үшін өте жағымды жаңалық еді.
Мен мемлекеттік органдарды, барша қауымды алға қойылған міндет-
тердің ауқымын ескере отырып, оларды шешу қосымша күш-жігер жұмыл-
дыруды және жұмысқа жаңа, айрықша құлшыныспен кірісуді талап ететінін 
алдын ала ескерттім.
Осылайша, жаңа мыңжылдық басындағы Жолдаулар тізбегінде мен Қа-
зақстанды бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосудағы мақса-
тымды қисынды дәлелдеп шықтым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет