ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
187
мен басқа да ресурстарды қайта бөлу арқылы көтеруге қол жеткізу. Екінші-
ден, жұмыспен қамтуға және өңірлердегі халықтың тұрмыс-тіршілігін жақ-
сартуға мүмкіндік беретін өсу нүктесін қалыптастыру.
Бір жылдан соң, 2012 жылдың 27 қаңтарында – «Әлеуметтік-экономика-
лық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқы-
на кезекті Жолдауым жарияланды. Ол өзіне
дейінгі бағдарламалардың
жолымен өрлей келіп, 2010 жылдардың әлеуметтік
жаңғыру трендін да-
мытты. Экономикалық жетістіктер мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету
арасындағы оңтайлы теңгерімді табудың маңыздылығы да атап көрсетілді.
2012 жылғы Жолдау тек экономиканың ғана емес, сонымен қатар, әлеу-
меттік саланың да өркендеуіне бағытталған. Басымдықтардың алғашқы
«ондығын» мен мына ретпен орналастырдым: халықты жұмыспен қамту,
қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту, мемлекеттік қызмет көрсетудің са-
пасын көтеру, басқарушылардың біліктілігі, сот және құқық қорғау жүйесі,
адам капиталы, зейнет жүйесі, индустриалы жобалар, ауыл шаруашылығын
дамыту.
Жолдауда маңызды индустриалық және
инфрақұрылымдық жобалар
туралы да хабарланды, оларға қажетті қаражат
Қазақстанның өзінен та-
былатын болады, ол – Ұлттық қордың қаржысы. Бұл жобалардың барлығы
еліміздің бет-бейнесін өзгертетін болады. Біз Қазақстанды алып құрылыс
алаңына айналдырып, онмыңдаған жұмыс орындарын ашамыз. Қойылған
міндеттердің басты арқауы осы болатын.
2011 және 2012 жылдардағы Жолдауларда белгіленген әлеуметтік жаңғы-
ру 2010 жылдардың бірінші жартысында Парламенттің, Үкіметтің және ай-
мақтардың басым міндеті болды.