НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Дағдарыстан кейінгі даму: 2010 жылғы Жолдау



Pdf көрінісі
бет94/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Дағдарыстан кейінгі даму: 2010 жылғы Жолдау
2010 жыл – ел дамуының ең маңызды межесі. Бұл кезеңде мен Қазақстан-
ның 2008–2009 жылдардағы әлемдік дағдарыс жағдайында да өзінің басты 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
185
мақсатынан – келешекті стратегиялық жоспарлаудан бас тартпайтынына 
бәрінің көзін жеткізгім келді. Сол үшін алдағы он жылға арналған міндет-
тердің кең ауқымды әрі егжей-тегжейлі панорамасын жайып салуға тырыс-
тым. Сөйтіп, 2010 жылдың 29 қаңтарында «Жаңа онжылдық – жаңа эконо-
микалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталған Жолдау 
2020 жылға дейінгі бас жоспарымызға айналды. Он жыл ілгеріге жоспар 
құру әлемдік дағдарыс салған сынға біздің лайықты жауабымыз еді.
Халыққа арнаған сөзімде мен Үкімет үдемелі индустриалды-инно-
вациялық дамудың бес жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын 
(162 жоба) жасап шыққанын хабарладым, сондай-ақ әр аймақтағы әр ин-
дустриалық жобаны жергілікті билік қана емес, жалпы әлеумет айрықша 
назарға алып, қадағалауы қажет екенін атап көрсеттім. Шынында да, бұл 
– біздің ортақ міндетіміз. Осылай жұмыла кіріссек қана әлемнің бәсекеге 
қабілетті елу елінің санатына ене аламыз.
Жолдауда стратегиялық басымдықтар дәл көрініс тапты: экономиканы 
әртараптандыру, шикізаттық емес секторды дамыту, тиімді сауда және ке-
ден саясатын жүргізу, инвестиция тартуды әрі қарай жалғастыру және жаңа 
экономикада негізгі күшке айналар кәсіпкерлікті қолдау мәселелері.
Адам – мемлекеттің басты байлығы: мен бұған нық сенімдімін. Сол се-
бепті 2010 жылғы Жолдауда халыққа тікелей қатысты білім беру, денсаулық 
сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрмыс сапасы, ардагерлерге қамқорлық, тұрғын 
үй-коммуналдық сектор секілді салалардағы міндеттер басты назарға 
шықты. 
Жалпы алғанда, 2010 жылғы Жолдау ел алдына дағдарыстан кейінгі да-
мудың жаңа көкжиектерін ашты.
Дамыған елдердің өзі құлдыраудың әрі қарай жалғасуынан қауіптеніп 
отырған әрі-сәрі жағдайда бізді жаңа онжылдық стратегиялық жоспар ұсы-
нуға тәуекел етеді деп ойлағандар, сірә, бола да қоймаған шығар. 
Алайда біз сақтық жасап, қол қусырып, әлденені күтіп отырған жоқпыз. 
Менің тапсырмама сәйкес, Үкімет әлемдік дағдарысқа қарамастан бесжыл-
дық жоспарлауды (онжылдық перспективамен) алдын ала аяқтап қойды. 
Бұл әрекетіміз арқылы біз еліміз дамудың жаңа кезеңіне толығымен дайын 
екенін дәлелдедік.
2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ІЖӨ өсімі 7,3 про-
центке жетті, жұмыссыздық деңгейі 5,5 процентке дейін төмендеді. Дағда-
рысқа қарсы тиімді шаралар экономикада белең ала бастаған жағымсыз 
құбылыстарды жеңіп шығуға мүмкіндік берді және сонымен бірге қолайлы 
іскерлік ахуал қалыптастырды. Бизнес-орта анағұрлым ашық та оңтайлы 
бола түсті, кедергілер азайды, жаңа мүмкіндіктер ашылды.


186
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет