НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет93/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жаһандық дағдарысқа жауабымыз: 
2008 және 2009 жылғы Жолдаулар
Жер-жаһанды жаппай жабырқау күйге түсіріп, белгісіздік тұманында 
қалдырған 2008–2009 жылдардағы әлемдік қаржы-экономикалық дағда-
рыс менің Қазақстан халқына Жолдауларымның мән-маңызын мейлінше 
арттыра түсті. Барлық жағымсыз жағдаяттарға қарамастан, жыл сайынғы 
жоспарлау тәжірибесі сенімді түрде жалғаса берді. 
2008 жылдың 6 ақпанында мен қазақстандықтарға «Қазақстан халқы-
ның әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп 
аталған Жолдауымды арнадым. Белең алып бара жатқан әлемдік дағдарыс 
пен нашарлай бастаған жаһандық экономикалық конъюнктура жағдайын-
да ІЖӨ-нің құлдырауына жол бермеуге және экономиканың өсімін сақтау-
ға мүмкіндік туғызатын бағыттар айқын белгіленді. 
Өндіруші секторда Қазақстанда игеріліп жатқан халықаралық мұнай 
жобаларындағы мемлекет үлесін күшейту керектігі сезілді.
Инфрақұрылым саласында электр энергетикасы мен көлік желілерінің 
озық дамуы, соның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы аймақ эко-
номикасын жандандыратын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрлықаралық 
дәлізі жобасына қатысу мақсаты алға қойылды. Бизнес саласында шикізат-


184
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
тық емес секторды дамытуға бағытталған «300 корпоративті көшбасшы» 
бағдарламасы басымдыққа ие болды.
Келесі 2009 жылға арналған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 
Жолдау Қазақстанның басқа да елдер секілді, әлемдік дағдарыстың қатаң 
қысымында қалған уақытында дүниеге келді. Бұл – Тәуелсіздік жылдары 
қол жеткен табыстарға залалын тигізуі мүмкін титтей де ауытқуға жол бер-
меуді қажет еткен қиын кезең еді. Осы себепті атқарушы биліктің әр басқан 
қадамы үшін де бар жауапкершілікті мойнына алатын Мемлекет басшысы 
ретінде маған едәуір табандылық танытуға тура келді.
Дағдарысқа қарсы біздің жүйелі жоспарымыз болды, оны іске асы-
руға мемлекеттің қорынан жеткілікті мөлшерде қаражат бөлінді. Туындаған 
мәселелер мен оларды біздің қалай шеше білгеніміз қоғамымыз бен мем-
лекетіміздің беріктігі мен кемелдігін сынақтан өткізген сын болды.
Сондай-ақ Жолдауда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард 
теңге, ал инфрақұрылымдық жобаларға 120 миллиард теңге бөлінгені тура-
лы мәлім етілді.
Мен қазақстандықтардың әлеуметтік хал-жайын жақсарту үнемі басты 
назарда болатынын айрықша атап өттім. Тіпті осындай қиын қаржылық 
жағдайда да бюджеттік ұйым қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы 
көлемін 2010 жылы – 25 процентке, 2011 жылы – 30 процентке көтеру мін-
деті алға қойылды. Қосымша 1 мың студент гранты мен 40 мың несиеге де 
қомақты қаражат бөлінді.
Жас отбасыларды, мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік мекеме 
жұмыскерлерін қолжетімді баспанамен қамту бағдарламасы жайында да, 
атажұртына оралмақ отандастарымыздың квотасын 15 мың отбасыдан 20 
мыңға көбейту туралы да айтылды.
Бұл ретте мен күйзеліс белгілерін жою жөнінде барлық қажетті шара-
ларды қолға алумен ғана шектелмей, сол дағдарыстың өзін жаңа серпіліс 
жасаудың мүмкіндігі ретінде пайдалану керектігін мақсат етіп қойдым. Өйт-
кені дағдарысқа қарсы шаралар жүйесін оны жеңіп шыға сала экономи-
каны жедел жаңғыртуды бастап кете алатындай етіп түзу керек болатын. 
Дағдарысқа қарсы стратегияның үш негізгі бағыты – макроэкономикалық 
тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтің есен-саулығы және экономика-
ны жаңғырту – осылай қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет