ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
189
Жоба қабылданды, бірақ жапон сәулет өнері кемеңгерінің ойы, менің
пікірімше, келешекке қол созған еліміздің арман-мұратына әлі де сай кел-
мей жатқандай, қиялымыздағы көрініске дөп келмей тұрғандай еді. Мен
жобаны әрі қарай жетілдіре түсуді, оған лайықты
ауқым мен өріс беруді
тапсырдым. Бұл істі атқаруға Сәрсенбек Жүнісов бастаған қазақ сәулет-
шілері жұмылдырылды.
Мемлекеттің ендігі маңызды міндеті – жобаны іске асыруға қажетті қо-
сымша қаражат табу еді. Қала құрылысын ойдағыдай жүргізетіндерді қате-
леспей таңдай білудің маңызы да одан кем емес-ті. Күрделілігі бас айнал-
дырардай, жауаптылығы жалпыұлттық дәрежеге көтерілген бұл шаруаны
тек кәсіби деңгейі аса жоғары шеберлер ғана атқара алатын еді.
Қиын міндеттің екеуі де оң шешімін тапты. Астана өзінің бүгінгі сұлу кел-
беті үшін әлемдік сәулет өнері жұлдыздарына қарыздар. Олардың сіңірген
еңбегінің ерекше екеніне еш күмән жоқ.
Мен өз тарапымнан ауқымды қала құрылысының барлық ұсақ-түйегіне
дейін мән беруге тырыстым – ғимараттардың идеясын, олардың мақсатты
сәулеттік
тұжырымдамасын ұсындым, құрылыс жұмыстарының барысын
бақыладым, нысандарды үнемі аралап жүріп, ештеңенің де ескерусіз қал-
мауын қадағаладым. Шынында да, мен мұндағы әр көшені, әр үйді жақ-
сы білемін, сондықтан да елімізге ат басын бұрған
мәртебелі меймандарға
Астананы аралату кезінде өзімді бейнебір гид секілді сезінемін.
Достарыңызбен бөлісу: