Жағдаяттық тапсырмалар 1-жағдят Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма Ересектер тобының балалары мектепке дейінгі ұйым бағында хризантема
гүлдерін отырғызады. Күзге қарай ақ, көк, қызыл гүлдер гүлдеді, ашық,
жылы күні тәрбиеші кішкентай балаларды баққа алып келді. Балалар гүлдің
көптігіне таңданыс білдірді. Сәлден соң балалардың қолындағы жұлынған
гүлдер саны көбейе бастады. Гүлдердің жартысы ғана қалған кезде, педагог:
- Хризантемаларды жұлуға бола ма екен? – деп айқайлап жіберді . Оның
сөздерінен таң қалу да, ренжу де білінбеді. Ол тек сұрақ қойды.
31. Проблемалық жағдай болған кезде педагог тек сұрақ қойды...
A) оған айрықша көңіл бөлгісі келмеді
B) меңгеруші, әдіскер жазалайды деп қаймықты
C) мәселені ушықтырғысы келмеді
D) ата-аналардың шағымынан қорықты
E) балалардың қателіктерін түсініп, өз ойларын айтуын көздеді
32. Балалардың қолында жұлынған гүлдер саны көбейе бастады... Мұндай іс-
әрекеттің ұжымға тигізетін әсері
A) өзінің жеке басын ғана ойлауды тәрбиелейді
B) өз қателігін түсіне білуге тәрбиелейді
C) кінәмшілдікке тәрбиелейді
D) өз ісіне жауапты болуға тәрбиелейді
E) өзімшілдікке тәрбиелейді
33. Педагогтың балалардың іс-әрекетіне қолданған шарасы
A) мәселе бойынша ата-аналарына шағымдану
B) проблемалық жағдаят бойынша балалардың жасаған іс-әрекетін талдау
C) мәселе бойынша меңгерушіге шағымдану
D) мәселе бойынша әдіскерге шағымдану
E) проблема бойынша жазалау әдісін қолдану
34. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері хризантема гүлдерін
отырғызады. Ол балаларды _____________тәрбиелейді
A) еңбекcүйгіштікке
B) дөрекілікке
C) тындамаушылыққа
D) мақтаншақтыққа
E) адамгершілікке
0002 – нұсқа
14
35. Педагогтың сөздерінен таңқалу да, ренжу де білінбеді, себебі
A) ұрысуға ата-аналардан именді
B) ұрысуға әдіскерден именді
C) ұрысуға меңгерушіден именді
D) балалардың ойлануына мүмкіндік берді
E) өзі абыржып қалды