Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 0 6 V III тарау. К рзаи философиясы



Pdf көрінісі
бет277/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

3 0 6
V III тарау. К рзаи философиясы
Шәкәрім орыс тілі арқылы сол тілге аударылған Шығыс, Батые элеміндегі 
рухани қазыналар көзін меңгеріп биіктей берді. Ол онымен шектелмей, филосо­
фия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырған. Жалпы, Шәкәрім 
— Абай ағасы секілді Орта Азия мен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, екі 
ағым, екі бұлақ - Шығыс пен Еуропа мәдениетгерін біріктіру, төл ему, қатар 
сусындауға ықылас білдіру ғана емес, батыл қадам жасаған ұрпақтың алғашқы 
өкілдерінің бірі. Шәкәрім орыс жэне дүниежүзілік классикасымен Абай арқылы 
танысқаны анық. Ол құрметпсн, мақтанышпен көбірек айтатын есімдер ішінде 
Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Толстой, Некрасов, Салтыков аттарын кездестіреміз. 
Шэкэрім осы аталған орыс ақын жазушыларының шыгармаларынан жақсы ау- 
дармалар жасайды. Ал меңгеріп алғаннан кейін орыс мәдениетін батыстың асыл 
қазынасына жетер баспалдақ ретінде жоғары өрлейді. Батыс философтары Шо- 
пэнгауер, Канттың философиялық ілімдері жайлы толғаулары соған куэ.
Шәкәрімнің дүниетанымдық ой жүйесінде философиялық терең бағыт, 
бағдар байқалады. Оган «Тіршілік, жан туралы» деген философиялық өлеңшдегі 
жаратылыс тарихи тіршіліктің шығуы туралы өз түсінігін баяндайтын мынадай 
жолдары дәлел:
Өсімдік күннен алады ас,
Күн суық болса түтже қаш.
Дым тиіп, нұр кеп жылытса,
Өс тағы жайнап көңіл аш,
Дейтуғын жанда мэн болар.
Жұмыртқада ұрық жатпай ма?
Олар да тамақ татпай ма?
Жылынса, яки егілсе,
Оның да тағы таңы атпай ма?131
Немесе
Жанына қарай тэн өскен,
Өсімдік жаны нашар боп.
Олардан жэндік жэне өскен.
Жәндіктен адам жаралған.
Жадында қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген.
Туғызып, түзеп, өсіріп,
Өзің ді өзім дегізген.
Тіршілік сөйтіп таралған132
Ягни Шэкэрім органикалық тіршіліктің біртіндеп себеп-салдар принципі 
бойынша дамитындығын жэндіктің өсімдіктен, адамның жэндіктен таралу 
идеясын құптап отыр.
Жан беріп жарық жылы нұрдан,
Күн атам жерді буаз қылған.
Өсімдік туған осыдан,
Жетіліп өсіп толғанда дэн.
Құт болған дэнде неше мың сан,
131 Ш экэрім. -А лматы: Жазушы, 1988.-230-6.
132 С о н д а . - 228-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет