Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ш ы ғ а р у қ ы з м е т ін а т қ а р а д ы . С а р ы у ы з б е з д е р і н е н о о т и п к е б а р а т ы н



Pdf көрінісі
бет101/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

ш ы ғ а р у қ ы з м е т ін а т қ а р а д ы . С а р ы у ы з б е з д е р і н е н о о т и п к е б а р а т ы н
ж о л д а р ар қ ы л ы қ о р е к т ік за т қ а т о л ы с а р ы у ы з к л етк ал ар ы ө т е д і. Ә р б ір
ұ р ы қ т а н ғ а н ж ұ м ы р т қ а о с ы н д а й к л е т к а л а р д ы ң т о б ы м е н қ о р ш а л а д ы .
С о н а н с о ң о н ы ң с ы р т ы н а ж ұ м ы р т қ а қ а б ы ғ ы т ү з і л е д і . Ж ұ м ы р т қ а
қ а б ы ғ ы с а р ы у ы з к л е т к а л а р ы н д а б о л а т ы н е р е к ш е г р а н у л д а р ар қ ы л ы
т ү з і л е д і . Т о л ы қ т ү з іл г е н ж ұ м ы р т қ а ж а т ы н ғ а т ү с е д і д е , с о л ар қ ы л ы
с ы р т қ а қ а р а й ш ы ғ а р ы л а д ы .
К ө б е ю і ж ә н е д а м у ы . Т р е м а т о д т а р д ы ң т ір ш іл ік ц и к л і и е с ін ж ә н е
ұ р п а қ а л м а с т ы р у ғ а б а й л а н ы с т ы ө т е к ү р д е л і. Г е р м а ф р о д и т т і ж ы н ы с
159


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
60-cypem .
Бауыр сорғыштың тіршілік циклі: 1 - марита, 2 - жұмыртқа,
3 - мирацидий, 4 - аралық иесі - кіші тоспа ұлудың денесінде партеногенетикалық 
үрпақтарының дамуы (а - спороциста, б,в - редия, г - церкария), 5 - церкария,
6 - адолескария
жүйесі жетілген сорғыш немесе марита омыртқалы жануарлардың 
ішегінде және басқа мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Бауыр 
сорғыштың дамуын қарастырамыз (60-сурет).
Бауыр сорғыш 
Fasciola hepatica мүйізді ірі қара малдар мен 
қойлардың және адамның бауырында паразиттік тіршілік етеді.
160


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Олардың салған жұмыртқалары өт жолы арқылы ішекке түсіп, иесінің 
ішегінен нәжіспен араласып сыртқа шығарылады. Ары қарай даму 
үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі 
толқынды эпителимен жабылған личинка-мирацидий шығады. 
Мирацидидің екі көзшесі, ми ганглиясы және жұп протонефри- 
диялары болады. Денесінің артқы бөлімінде ерекше ұрықтық клет- 
калар немесе партеногенетикалық жұмыртқалар жатады. Денесінің 
алдыңғы үштен бір бөлігінде, цитоплазмасы дәнді секретке толы 
үлкен без орналасады. Бұл бездің жолдары личинка денесінің алдың- 
ғы бөліміндегі кішкене бұлшықетті тұмсықшаның ұшында ашылады. 
Бездің секреттері мирацидидің аралық иесіне енуге көмектеседі. 
Мирацидий қоректенбейді, эмбриональды даму кезіндегі жиналған 
гликоген қоры арқасында өмір сүреді. Бірқатар уақыт мирацидий 
суда еркін жүзіп жүреді. Өзінің ары қарай дамуы үшін ол аралық 
иесінің денесіне түсуі керек. Көп жағдайда аралық иесі ұлулар болып 
келеді. Мирацидий тұмсықшасы арқылы ұлу денесіне еніп, оның ішкі 
мүшесіне өтеді. Үлудың денесіне енуде личинка безінің секреттері 
көмектеседі. Мирацидий кірпікшелерін тастап, формасыз, қозғал- 
майтын қапшық тәрізді спороцистаға айналады. Бұл көбею қабілеті 
бар, жыныстық жүйесі жетілген сатысы. Спороцистаның денесіндегі 
партеногенетикалық жұмыртқалары әрбіреуі бөлініп, келесі редия 
деп аталатын ұрпаққа айналады. Редия, спороцистадан қозғалғыш- 
тығымен және денесіндегі саңылауымен ерекше. Ол саңылау, редия 
ішіндегі партеногенетикалық жұмыртқалардан түзілген ұрықтардың 
жаңа ұрпағын шығару қызметін атқарады. Спороцисталар сияқты 
редияның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары бөлініп, 
редияның ішінде жаңа ұрпақ церкариялар пайда болады. Церкария 
гермафродитті особьтің личинкасы, оған көптеген белгілері де ұқсас: 
сорғыштары, тарамдалған ішегі, миы және зәр шығару жұйесі болады. 
Оның негізгі ерекшелігі денесінің артқы бөлігінде ұзын, бұлшықетті, 
қозғалғыш құйрықшасының болуы. Трематодтардың кейбір 
түрлерінде церкарияның тағы да уақытша мүшелері болады: жұп 
көзшесі, өткізгіш бездері деп аталатын бір клеткалы бездер тобы, 
дененің алдыңғы жағында болатын үшкір ине немесе стилет. Цер­
кариялар редия денесіндегі саңылаудан шығып, одан ұлу денесінен 
шығып, құйрығының қозғалысы арқасында суға еркін жүзіп кетеді. 
Мирацидия секілді олар қоректенбейді, денесіндегі қорек қоры 
арқылы өмір сүреді.
Церкария су жағасындағы өсімдікке немесе балдырларға жабысып,
I 1— 574
161


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
қүйрығын тастап, циста түзеді. Циста ерекше бездерден бөлініп 
шығады. Бұл саты адолескария деп аталады. Адолескария ересек 
түріне айналу үшін енді өзінің негізгі иесінің денесіне түсуі тиіс. 
Негізгі иесі, мысалы, ірі қара (сиыр) су қоймасына келіп, сумей немесе 
судағы шөппен бірге адолескариді де жүтады. Сиырдың ішегінде 
циста қабаты еріп, қан тамырлары арқылы жас сорғыштар жыныстық 
жетілетін орнына - бауырдың өт жолдарына өтеді. Егер, олардың 
тіршілік циклдерінің дамуына жағдайлар жасалмаса, олар өледі 
немесе толық дамымай қалады. Мысалы, жұмыртқа суға түскенде 
суда ұлу болуы керек, әйтпесе, личинка мирацидий өледі, ал су 
қоймасына ірі жануарлар келіп тұрмаса, адолескария толық дамы- 
майды. Қолайсыз факторлар көп болса да, паразиттер оларға 
бейімделе алады. Бейімделудің бір жолы - паразиттердің жұмыртқаны 
өте көп салуы. Турбелляриялардың көпшілігінде жұмыртқа саны 
жүздеген болса, сорғыштарда мындаған және ондаған мыңға жетеді. 
Бұл құбылыс паразиттердің жұмыртқаларының “көп болу заңы” деп 
аталады.
Кейбір сорғыштардың еркін жүзетін церкарияларының тіршілік 
циклінің мынадай ерекшеліктері болады. Сорғыштардың көпшілік 
түрінің церкариялары екінші аралық иесінің денесіне түсуі керек. 
Бұл көптеген жәндіктердің, мысалы, су насекомдарының, моллюс- 
калардың, балықтардың, бақалардың личинкалары болуы мүмкін. 
Стилет арқылы церкария екінші аралық иесінің жамылғысын жаралап, 
сол жерге өткізгіш безінің секреттерін құяды. Церкария құйрығы мен 
стилетін тастап, жіңішке мөлдір қабатпен қапталады да циста түзейді. 
Сол күйіңде метацеркария деп аталады және дамудың бұл сатысы 
тыныштық сатысы. Егер, екінші аралық иесін қандай да бір ірі 
омыртқалы жануар қорек етсе, метацеркарий оның ішегінде қабыр- 
ғасынан босап, гермафродитті особьқа айналып, дамуын аяқтайды. 
Омыртқалы жануарлар метацеркаридің соңғы иесі болып келеді.
Трематодтардың тіршілік циклінде көрсетілген жолынан әр түрлі 
ауытқулары болуы мүмкін. Мысалы, кең тараған қауіпті паразит 
бауыр сорғышының (Fasciola hepatica) аралық иесі жалғыз. Ол кіші 
тоспа ұлуы (Lymnaea trancatula), денесінде спороцисталар мен 
редиялардың дамуы жүреді. Ал ланцет тәрізді кішкене сорғыш 
құрттың (Dicrocoelium lanceatum) негізгі иесінен (ірі қара, қой, ешкі) 
нәжіспен бірге сыртқа шыққан жұмыртқалары құрлықта тіршілік 
ететін моллюскалардың (Helicella туысының) ішегіне түсуі керек. 
Моллюсканың ішегіңде жұмыртқадан личинка мирацидий шығып,
162


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ол оның бауырына енеді. Осы жерде метаморфозға ұшырап, 
церкария стадиясына көшеді. Церкариялар моллюсканың өкпесіне 
өтіп, тыныс жолдары арқылы топыраққа түседі. Ары қарай даму 
үшін церкариялар екінші аралық иесіне құмырсқалардың (Formica 
туысының) ішегіне түсуі тиіс. Құмырсқаларда церкария соңғы 
метацеркария сатысына айналады. Құмырсқалар паразиттің қосым- 
ша иесі болып саналады. Метацеркария ересек түріне айналу үшін 
енді өзінің негізгі иесінің денесіне түсуі тиіс.
Сонымен, сорғыштардың жоғарыда келтірілген даму циклдерінде 
ұрпақтарын ауыстырып отыру жолдары байқалады, яғни бір ұрпақ 
ұрықтанған жұмыртқадан дамыса (мирацидиялар), келесі ұрпағы 
ұрықтанбаған жұмыртқадан (партеногенез жолымен) дамып, 
кезектесіп отырады. Осындай даму процесін 
гетерогония деп 
атайды. Сорғыштардың дамуына гетерогония тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет