ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
оттегіні бүкіл денесі арқылы қабылдап, тыныс алады. Трематод-
тардың паразиттік ұрпақтары және ересек особьтары иесінің ішкі
мүшелерінде тіршілік етуіне байланысты олар анаэробты тыныс алу
жолына көшеді. Энергия қызметін гликоген атқарады. Гликогеннің
анаэробты ыдырауына байланысты күрделі биохимиялы айналымдар
жүріп жатады.
Бұл алмасу әдісі энергетикалық жағынан гликогенді көп қажет
етеді. Соған қарамастан, паразиттер анаэробты процестер арқы-
лы өмір сүре алады, себебі олар үшін иесінің организмі гликоген-
нің таусылмас қоры.
Достарыңызбен бөлісу: