ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.
Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапа-
йымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-
ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты).
Ядрода қабықша, ядро шырыны, ядрошық және хромосомалар
болады.
Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген.
Олар, жалған аяқтары яғни псевдоподиялары pseudopodia (латынша
pseudo
жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кір-
пікшелер.
Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолы-
мен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың
негізгі бөліну тәсілі
митоз.
Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының
(гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай про-
цесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған
клеткадан зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі
гаплоидты жыныс клеткаларының (гаметалардың) қосылуы нәтиже-
сінде түзіледі. Жыныс клеткаларының (гаметаларының) мөлшері мен
пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері
және
құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копу-
ляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета макрогамета,
кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия
копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның
қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония
жолымен де көбейеді.
Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су
кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) клетка сыртына қалың
қабық шығарып, цистаға айналады. Циста қүйінде
қарапайым ұзақ
уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын
тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қоректену тәсіліне қарай қарапайымдылар екі топқа бөлінеді:
автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жа-
сыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл
дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады немесе фотосинтез
арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын орга-
никалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл бал-
дырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қара-
пайымдылар және паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар дайын
25
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы
қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп
атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік
ететін қарапайымдылардың
кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихо-
монас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар
автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене алады, бұларды
миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена
миксотроф.
Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы су-
ларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда
кең тараған және
жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.
Бұлар 5 типке бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: