ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
6-cypem.
Талшықтылардың монотомиялық колониясы:
A - Uroglenopsis amerikana, жалпы көрінісі; Б - сол түрі, колонияның бір бөлігі;
В - сол түрі, бөлінуінің көрінісі; Г - Syncrypta volvox; Д - Chrysosphaerella longispina;
Е - Synura uvella, жалпы көрінісі; Ж - сол түрі, бөлінуінің көрінісі;
3 - Sphaeroeca volvox, жалпы көрінісі; И - колонияның бір клеткасы;
К - жеке өмір сүретін жағалы талшықты Codosiga
дамыған, бұған қосымша вакуольдері жалғасады. Бұлар зәр шығару,
осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарады. Кейбір
талшықтылардың клеткаларының ішінде хлорофилл пигменттері
сіңген хроматофора органоидтары болады,
олар фотосинтез қызме-
тін атқарады. Бұл белгілер өсімдіктерге тән қасиет, сол себептен
жасыл түсті талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлар арасындағы
аралық формасы деп есептейді. Талшықтылардың арасында колония
құрып тіршілік ететін түрлері де кең тараған.
Талшықтылардың басым көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді.
Ядро митоз әдісімен бөлінеді, содан
кейін цитоплазма клетканың
37
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
алдыңғы жағынан бастап артқы жағына қарай ұзынынан бойлай екіге
бөліне бастайды.
Колония құрып тіршілік ететін талшықтыларда (Uroglenopsis,
Sphaeroeca, Volvox туыстарында) жыныссыз көбеюі монотомия және
палинтомия жолымен өтеді.
Монотомия жолымен бөліну кезінде клетка екіге бөлінеді. Пайда
болған ұсақ клеткалар әрі қарай бөлінбей өседі,
барлық органоид-
тарын түзеп, аналық формасына жетілгеннен кейін ғана тағы да
бөлінеді, олар өз кезегінде тағы да өсіп бөлінеді. Талшықтылардың
монотомия жолымен пайда болған колониялары 6-суретте көрсе-
тілген.
Палинтомия жолымен бөліну кезінде пайда болған ұсақ клеткалар
өспей әрі қарай бөліне береді (мысалы, Volvox туысында).
Талшықтылар жынысты жолымен де көбейеді: Volvox, Polytoma,
Pandorina, Eudorina туысындағы өкілдері. Бұларда изогамия, анизо
гамия копуляциясы кеңінен тараған.
Талшықтыларды
қоректену тәсіліне қарай
автотрофты,
гетеротрофты және миксотрофты топтарына бөледі.
Автотрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың цитоплаз-
масында жасыл түсті хроматофора органоидтары болады.
Осыған
байланысты бұлар фотосинтез жолымен қоректенеді, яғни күн
сәулесінің энергиясын пайдалана отырып, бейорганикалық қосы-
лыстардан органикалық
заттарды синтездейді, сондықтан қоректе-
нудің бұл тәсілін голофиттік немесе өсімдікше қоректену деп атайды.
Гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың хрома
тофора органоидтары болмайды. Олар дайын органикалық
заттармен, бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен т. б.
қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін голозойлық немесе
жануарларша қоректену деп атайды. Паразиттік тіршілік ететін
талшықтылар дайын органикалық заттарды
осмос жолымен бойына
сіңіру арқылы қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін сапрофиттік
қоректену деп атайды.
Миксотрофты талшықтылар автотрофты және гетеротрофты
жолымен қоректене алады. Мысалы, жасыл эвглена Euglena viridis
миксотрофты организм күн сәулесі бар жерде жасыл эвглена хлоро
филл дәндері арқылы нағыз жасыл өсімдіктер сияқты қоректенеді,
демек көмір қышқыл газынан және судан органикалық заттарды
синтездеп алады. Эвгленаны органикалық заттарға бай қараңғы жерге
орналастырса, онда эвглена өзінің хлорофилл дәндерінің жасыл түсін
38
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
жойып, дайын органикалық заттармен қоректенуге көшеді. Осыған
орай эвгленаның денесінің алдыңғы жағында ауыз тесігі мен.
жұтқыншағы дамыған.
Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тарма-
ғына бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдіктектес талшықтылар - Рһу-
tomastigina және гетеротрофты жануартектес талшықтылар - Zoo-
mastigina. Phytomastigina класс тармағына терт отряд жатады: эвгле-
налар Euglenoidea; хризомонадалар Chrysomonadina; сауыттылар
Dinoflagellata; фитомонадалар - Phytomonadina.
Zoomastigina класс
тармағына алты отряд жатады: жағалы талшықтылар - Choanoflagel-
lata; тамыр талшықтылар Rhizomastigina; кинетопластидалар Kine-
toplastida; көпталшықтылар - Polymastigina; гипермастигиналар
Hypermastigina; опалининалар - Opalinina.
Достарыңызбен бөлісу: